+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

29 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 28 қазан 20:00
Бөлісіңіз:
29 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
19 қарашада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Bolashaq» қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар және инновациялар» онлайн-форумын өткізеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету рейдтерінің қорытындысы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Ana time» жобасы бойынша дәріс өтеді. Шарада барлық санитарлық талаптар сақталады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді. Оны мына сілтемеде тамашалап, сұрақ қоюға болады.

14.00-де Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында 2021 жылы өтетін «750 - Altyn Orda Qazaq History Expedition. Алтын Орда – Жошы ұлысының ізімен, Батыс жорығы» халықаралық танымдық-барлау экспедициясы туралы онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да «Атамекен» ҚР ҰКП VІІ съезі өтеді. Съезге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері, салалық қауымдастық өкілдері және кәсіпкерлер қатысады.

ҰКП съезі алғаш рет онлайн форматта өтеді, жаңалықтар «Атамекен» ҚР ҰКП әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

16.00-де «Астана Балет» театрында жаңа маусымның алғашқы премьералары – Рикардо Амаранте қойған «Longing» («Құштарлық») және жетекші солист әрі қоюшы-хореограф Дэвид Джонатанның «Instinct» («Инстинкт») қойылымдары туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де «Тұран» университетінде «Мультимодальды жеткізу тізбегіндегі инновациялар мен технологиялар» тақырыбында көлік мамандарының «KAZLOGISTICS» жастар форумы өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT