29 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 29 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Техникалық реттеу және стандарттау мемлекеттік жүйесінің заңнамалық базасын жетілдіру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел www.senate.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.

10.00-де Wyndham Garden Astana қонақүйінде террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау және террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері жөнінде республикалық конференция өтеді.

10.00-де Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарихи бағыт, даму кезеңдері мен болашағы» атты XVIII халықаралық еуразиялық ғылыми форум өтеді. Форум Қазақстан, Венгрия, Италия, Ресей, Түркия, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан ғалымдарын жинайды.

10.30-да Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаевтың қатысуымен академик, антрополог ғалым Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқы мен оның ата тегіне орай антропологиялық очерктер» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

11.00-де HILTON ASTANA қонақүйінде Global Nomads Fashion Awards бірінші жас дизайнерлер байқауы таныстырылады.

11.00-де Zoom платформасында ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі, Душанбедегі және Нұр-Сұлтандағы бағдарламалық кеңселері және Өзбекстандағы ЕҚЫҰ жобаларының үйлестірушісі Covid-19 пандемиясы кезінде Орталық Азияда адам құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік конференциясын өткізеді.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының ұйымдастыруымен«Мәртебесі реттелмеген және олардың жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау акциясы» туралы брифинг өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин және ҚР Білім және Ғылым министрлігі ғылым комитеттің төрағасы Жанна Құрманғалиева. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Мәжілістің сот-құқықтық реформа комитеті «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі және тәуелсіздігінің кепілдіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ биылғы 9 айда атқарған қызметін қорытындылайды. Спикерлер: «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхамед Қабылдинов, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарушы директоры Айдос Көбетов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі атақты композитор Бетховеннің үздік туындыларын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар