29 қарашада «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алғандар жиналады

None
None
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық форумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай өткен баспасөз мәслихатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті. «20 жыл ішінде 10 мың стипендия бөлінді. Сол он мың адамның 6 мың 15-і Қазақстанға оралып, қазіргі кезде экономикамыздың барлық саласында еңбек етуде. «Болашақ» түлектері еліміздің дамуына үлкен қосып жатыр»,-деді ол. 29 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық форум өтеді. Бұл атаулы шараға Елбасы қатысады деп күтілуде. Форумға 1 мың 700 адам қатысады және оның 1,5 мыңы әр жылдары бағдарлама бойынша білім алған түлектер.
Соңғы жаңалықтар