29 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, 2023-2027 жылдарға арналған ҚР Көші-қон саясатының тұжырымдамасы қаралмақ.

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да студенттік театрлардың ІІ республикалық фестивалінің ашылуы өтеді. Еліміздің жоғары оқу орындарының 11 шығармашылық ұжымы өздерінің үздік қойылымдарын ұсынады.

11.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

11.00-де Алау мұзайдыны сарайында шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты өтеді.

12.00-де Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов, банктің бас экономисі Евгений Винокуров, Елдік талдау орталығының басшысы Алексей Кузнецов және Аға талдаушы Айгүл Бердіғұлова 2023 жылға арналған макроэкономикалық болжамын ұсынады. Бұл шара ЕАДБ онлайн-платформасында өтеді.

12.00-де Zoom платформасында AYALA Қорының «Басқарылатын гипотермия» бағдарламасының 5 жылдығына арналған онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Интернет алаяқтыққа қарсы күрес шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Сүйінбай Жандос Талғатұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында өз ісіңді қалай бастау керек» тақырыбында ашық кездесу өтеді. Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/23, павильон С. 4. 4, «Медиатека» залы.

19.00 - де Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) жыл сайынғы көрнекті саяси қайраткерлер, дипломаттар, беделді ғалымдар мен ірі әлемдік талдау орталықтарының жетекші сарапшылары жиналатын халықаралық пікірталас алаңы - «Астана клубының» жетінші отырысы басталады.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Дарабоз» концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар