+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

29 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 29 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
29 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 29 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні

1947 жылы осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаны бөлу туралы қарар қабылдады. 1977 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 29 қарашаны «Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні» ретінде атап өтуге қаулы қабылдады.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1985 жылы Ақтөбе облысында «Алақай» қуыршақтар театры ашылды. Ондағы барлық қойылым екі тілде – қазақ және орыс тілінде қойылады. 2001 жылдан бастап «Алақай» театрының ұжымы көптеген халықаралық фестивальдердің дипломанты және лауреаты.

2007 жылы Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болатыны туралы шешім қабылданды.

2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитінің қарсаңында қазақстандық ағылшын тілді «The Astana Times» газеті таныстырылды.

2010 жылы Астанада 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағының түпкілікті қорытындысына арналған жинақ таныстырылды.

2011 жылы Түркияда Невшехир провинциясының төрт туристік ауданының қиылысында «Қазақстан» бульвары ашылды.

2013 жылы Астана қалалардың VI халықаралық байқауында «ТМД мен ЕурАзЭҚ үздік қаласы» дипломының иегері атанды.

2013 жылы Гонконгте Павлодардағы №1 балалар көркем мектебінің оқушысы Арина Кузнецова «Туған өлкенің дәстүрі мен аңызы» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.

2016 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында Робот техникасы бойынша халықаралық олимпиада (World Robot Olympiad - WRO-2016) өтті. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы ең креативті және инновациялық жоба үшін LEGO Education Creativity Award сыйлығын иеленді.

2017 жылы Польшаның Румя қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында армрестлингтен Әлем кубогы өтті. Оған қазақстандық Зарина Примак қатысып, бірінші орын алды.

2018 жылы «Заманауи қазақ бейнелеу өнерінің қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі антологиясы» көрнекі каталогының электронды нұсқасы жасалды. Бұл жоба - жоғары критерийлерге сәйкес келетін қазақстандық көркем өнер қауымдастығының үздік жетістіктерін насихаттайтын мемлекеттік имидж құру қадамы.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Болашақ термоядролық энергетиканың функционалдық және конструкциялық материалдарын сынауға арналған әлемдегі алғашқы мамандандырылған «Токамак» реакторын іске қосудың соңғы кезеңі іске асырылды.

Реакторды физикалық іске қосуды іске асыру маңызды оқиға және қондырғыны жұмыстың толық ауқымды жобалық параметрлеріне шығару жөніндегі жұмыстарды бастауға мүмкіндік беретін жауапты есептік кезең.

2019 жылы Қазақстанда алғаш рет Энергия үнемдеу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапат тағайындалды. Марапаттарға энергия үнемдеу саласының қызметкерлері, сондай-ақ энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға үлкен жеке үлес қосқан тұлғалар энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы үздік әзірлемелері үшін ие болады.

«Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2019 жылы 8 қарашада ведомстволық наградалар тізбесіне енгізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT