+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

29 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылғы 28 қаңтар 20:30
Бөлісіңіз:
29 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 29 қаңтар күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
16 қыркүйекте елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы 15 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Электровоз құрастыру зауытында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және теміржол өнімдерін өндірушілердің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Астана Марриотт» қонақ үйінде Бүкіләлемдік банк «Қазақстанда қанты бар сусындарға салық әсері» атты семинар өткізеді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Мұхамедхан Сейтқұловтың (1870-1937) 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның Даму Банкі 2019 жылғы қызметінің қорытындылары және 2020 жылы жұмыстағы жаңа тәсілдер мен міндеттеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Бізге қосыл, Ерікті бол!» атты дөңгелек үстел өтеді. Шараның мақсаты - еріктілер қозғалысының тәрбиелік, адамгершілік, патриоттық маңыздылығын насихаттау, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастардың басын біріктіру.

15:00-де «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде - әл-Фараби орталығы және кітапханасы таныстырылады және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын ресми табыстау рәсімі өтеді.

11.00-де БҰҰ Өкілдігінде «Кибербуллингтің алдын алу: мұғалімдерге, мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған ұсыныстар мен құралдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Қазақстандық қор биржасында (KASE) Қазақстанда алғаш рет іскерлік белсенділік индексін (PMI) енгізу туралы брифинг өтеді.

12.00-де Қазақстанның баспасөз клубында вакцинация мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өтеді.

15.00-де Студенттер сарайында әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді бастау рәсімі өтеді. Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, белгілі шетелдік және отандық фарабитанушы-ғалымдар қатысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT