29 қаңтар. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 29 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


93 жыл бұрын (1930-1992) қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Санжар Оразұлы ЖАНДОСОВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық Ғылым Академиясын бітірген.

Атырау облысындағы Қосшағыл, Құлсары мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде, Қазақ КСР жоспарлау комитетінің экономисі, Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы облыстық партия комитетінің насихаттау бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік теле-радиохабарлары комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан КП ОК-нің ғылым мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, Кәсіби-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы, Еңбек жөне әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі 3-шақырылым депутаты, Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті, Қазақстанның демократиялық жаңаруына, республика экономикасының нарық қатынасына ауысуына және елімізде жеке кәсіпкерліктің дамуына зор үлесін қосты. «Принципы оптимизации регионального планирования», «Системный анализ в региональном планировании», «Оптимизация отраслевых и региональных комплексов Казахстана» (бірлескен авторлықта), «Экономические проблемы размещения сельского хозяйства в Казахстане» (бірлескен авторлықта) атты кітаптардың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.


4 7 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Берік Серікұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы басқару және экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1997 жылы Мыңбаев атындағы тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында экономист болып бастаған. 2001-2002 жылдары – Экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру (ЭАӨК) және ауылдық аумақтарды дамыту (ААД) ғылыми-зерттеу институтында (ҒЗИ) аға ғылыми қызметкер. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлім бастығы. 2003-2004 жылдары – ЭАӨК және ААД ҒЗИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары. 2004-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту стратегиясы департаментінің директоры. 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті. 2009-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссиясының төрағасы. 2016-2021 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы. 2021-2023 жылдары ҚР Парламент Мәжілісі VII шақырылымының депутаты.

«Құрмет» орденімен (2012) және «Тыңға 50 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015) және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2014) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.


39 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы ЕСІМОВА дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. 2006 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолы: «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ менеджері, атқарушы директор аппараты басшысы (2006-2007); «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы сарапшысы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегиялық жоспарлау және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы (2008-2010); Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары (2010-2011); Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысы (2011-2013); Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы (2013-2015); «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы (2015-2020). Қостанай облысы әкімінің орынбасары (2020-2022). Қазіргі қызметінде 2022 жылғы мамырдан бастап.


43 жыл бұрын (1980) Әдеп жөніндегі уәкіл, Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысы Алмаз Серікбайұлы НЫСАНБАЕВ дүниеге келді.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, құқықтану (2001).

Еңбек қызметі: Сәтбаев қаласы әкімінің кеңесшісі (2001-2005), Сәтбаев қаласы әкімінің көмекшісі (2005-2007), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жер ресурстары басқармасының бас маманы (2007-2008), «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бастығы (2008-2009).

Атқаратын лауазымында 2009 жылғы сәуірден.


Соңғы жаңалықтар