28 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2021 жылғы 27 желтоқсан 20:31

28 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай,құрылыс саласын дамыту мәселелері, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының орындалуы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары жобасы талқыланады.

11.00-де Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы тапсырмаларын жүзеге асыру және 2021 жылындағы қызметінің қорытындылары туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.30-да Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді. Баяндамашы – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ерлан Смайлов.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT