28 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
2016 жылғы 28 желтоқсан 06:56

28 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2016 жылғы 28 желтоқсанға арналған күнтізбені ұсынады.

28 желтоқсан СӘРСЕНБІ

Халықаралық кино күні. 119 жыл бұрын (1895) Париждегі Капуцин гүлзарындағы «Үлкен кафеде» ағайынды Люмьерлер ойлап тапқан кинематографтың көмегімен алғаш рет «Жылжымалы фото» көрсетілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

44 жыл бұрын (1972) «Медеу» мұз айдыны пайдалануға берілді. Медеу - айдыны теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасқан мұз айдыны, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының бірі. «Медеу» айдыны 10500 шаршы метр жерді алып жатыр және 10500 көрерменді сыйғызады. Әлемдегі 120-дан аса үздік спорттық рекорд осы мұз айдынында орнатылған.

24 жыл бұрын (1992) Алматыда Пәкістан Елшілігінің ашылу рәсімі өтті.

16 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Даму банкі құрылды.

11 жыл бұрын (2005) ҚР Президенті Н.Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

12 жыл бұрын (2004) «Қазпошта» АҚ көрнекті қазақ жазушысы және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 110 жылдығына арналған жаңадан суреттелген «Мерейтойлық және елеулі күндер» атты серияның маркасын айналымға шығарды. Жаңа марканың бағасы - 35 теңге, таралымы 50 000 дана.

С.Сейфуллин (1894-1938) - көрнекті қазақ жазушысы және қоғам қайраткері. 1914 жылы Қазанда алғашқы «Өткен күндер» («Дни минувшие») атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Құттықтау, шаттанған өлеңдердің авторы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті қолдады. Оның қолынан «Бақыт жолына» пьесасы, «Тар жол тайғақ кешу» романы, қазақ әдебиетіндегі еңбектері мен халық фольклоры, басқа да шығармалары шыққан. Газет-журналдармен белсенді жұмыс жасаған. 1922 жылы Қазақ АКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы, содан кейін халыққа білім беру комиссариаты ғылыми орталығының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып тағайындалған.

11 жыл бұрын (2005) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығының маңына салынған мұз қалашықтың ашылу рәсіміне қатысты. Елбасы қалашықта мұздан салынған әлем елдеріндегі бірегей сәулет нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда, Мәскеудегі Кремль, Мысыр пирамидалары, Қытай қорғаны, Лондондағы Биг-Бен сағаты, Париждегі Эйфель мұнарасы. Қалашықтың ортасына Астананың бас рәмізі Бәйтерек кешені бой көтерген. Салтанатты шара театрландырылған думанмен басталып, жұртшылықтың назарына мәнерлеп сырғанаушылардың орындауындағы мұз ертегісі, концерттік нөмірлер ұсынылды. Театрландырылған қойылым мерекелік отшашумен аяқталды.

11 жыл бұрын (2005) астаналық «Келешек-пресс» баспасы 85 жыл бұрын жарық көрген «Қазақша-орысша тілмаш» атты сөздікті жаңадан басып шығарды.

Бұл еңбек қазақ тілінде сирек кездесетін сөздердің тарихындағы ірі әрі көлемді еңбек. Кітаптың түпнұсқасы 1925 жылы Алаш қайраткері, жазушы-журналист Қошке Кемеңгерұлы бастаған Мұстафа Боралқайұлы, Абдолла Байтасұлы, Есім Байғасқаұлы, Шәкір Баймақанұлы, Ғаббас Дәулетбекұлы, Сұлтан Темірбекұлы және Төлеутай Сәрсенбайұлы сынды қаламгерлердің арқасында алғаш рет жарық көрді. Сөздіктің қараушысы Мағжан Жұмабаев болған. Қайта басылған өнегелі еңбектің мәні сонда: әліпбилік реті кирил алфавиті тәртібінен бөлек, көнерген сөздер қазіргі орфографияға лайықталып, кітап авторлары көрсеткен түзетулер ескерілген.

7 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

7 жыл бұрын (2009) Астанада Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары жазған «Менің жүрегімдегі Қазақстан» атты патриоттық шығармалар жинағының таныстырылымы болып өтті.

Жинақты құрастырған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Олег Дымов.

Аталған жинаққа қазақ әдебиетінің майталмандары Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Төлеген Мұхамеджанов, Людмила Хочиева, Әкім Ысқақ және Өтеген Оралбаев сынды халық қалаулыларының ел мен жер туралы шығармалары енді.

Жинақты шығарудың басты мақсаты - поэзияның патриоттық рухқа толы маңдайалды шығармалары арқылы бүгінгі жас ұрпақты Отанға деген адал қызмет пен шексіз сүйіспеншілік аясында тәрбиелеу.

6 жыл бұрын (2010) Астана медицина университетінде Радиобиологиялық зерттеулер институтының салтанатты ашылуы өтті.

6 жыл бұрын (2010) Жамбыл облысының Меркі ауданында ГЭС-3 гидростанциясы іске қосылды. Ол электр энергиясының сапасын арттырып, қуат тапшылығын азайтып қаға қоймай, атмосферадағы парникті газдардың қалдығын төмендетті. Меркі өзеніндегі ГЭС-3 құрылысы 257 млн.теңгеге түсті - бұл «Ремкомстрой» ЖШС иеленуші-компаниясының өз қаржысы.

6 жыл бұрын (2010) «Назарбаев университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектебі» және «Назарбаев қорының» мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

6 жыл бұрын (2010) қазақтың аса көрнекті ақыны және жазушысы Міржақып Дулатовтың туғанына 125 жыл толуына орай пошталық маркалар шықты. Марка «Еске алу және мерекелік күндер» аясында қолданысқа енгізілді.

5 жыл бұрын (2011) Қазақстан халқының 100 пайызын цифрлық теле-радио хабарларымен қамтамасыз етуді көздейтін «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы қабылданды.

5 жыл бұрын (2011) 100 теңге номиналымен «Коньки тебу спорты. Олимпиада ойындары 2014» күміс шақалары айналымға шықты.

4 жыл бұрын (2012) ОҚО Қазығұрт ауданында он бір миллионыншы қазақ Мұхтар Абдрахим дүниеге келді. Сәбидің бойы 52 см, салмағы 3258 грамм болды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 11 миллионныншы қазақтың ата-анасын құттықтап, балаға сәйгүлік сыйлады.

3 жыл бұрын (2013) «СемАз» зауыты өзі құрастыратын автотехникалардың түрлерін кеңейтіп, DAEWOO автобустары мен SHACMAN жүк көліктерінің жаңа нұсқаларын шығара бастады.

82 жыл бұрын (1934) Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры ашылды. Бүгінде Павлодар облыстық музыкалық-драма театры Ж.Аймауытовтың есімімен аталады.


ЕСІМДЕР

118 жыл бұрын (1898-1948) мемлекет және қоғам қайраткері, публицист ОРАЗБАЕВА Алма Дінмұхамедқызы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Ордадағы орыс-қазақ әйелдер училишесін, 2 сыныптық қыздар мектебін, педагогикалық курсты бітірген. 1919 жылы комсомол қатарына өтіп, сол жылдың маусымында қызыл әскердің Қазақстандағы тұңғыш саяси клубын ұйымдастырды. Сол жылы қараша айында Киров революциялық комитеті ақпараттық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1920 жылы тамызда Орынбор губерниясы партия комитетінің жанынан құрылған қырғыз (қазақ) бөлімінің алқа мүшелігіне сайланды. 1920 жылы қазанда Бүкілодақтық Құрылтай съезіне делегат болып сайланып, оның атқару комитетінің құрамына енді. Бөкей ұйымынан Бүкілресейлік Шығыс әйелдерінің съезін өткізуге ат салысып, әйел теңдігі, оқу-ағарту мәселелерін шешуге, оларды қоғамдық жұмысқа тарту ісіне тікелей араласты. 1921 жылы мамырда өткен Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Бүкілодақтық жұмысшы әйелдердің Орталық ұйымы мәжілісіне қатысып, әйелдер қозғалысының атынан сөз сөйледі. Коммунист әйелдердің Берлинде өткен 3-ші халықаралық конференциясына, Коминтерннің 5-ші конгресіне делегат болып қатысты. 1931 жылы ауыр дертке шалдығуына байланысты зейнетке шықты. Ол «Степная правда», «Советская степь», «Еңбекші қазақ», «Жас қазақ», «Дұрыстық жолы» газеттеріне қазақ әйелдерінің қоғам ісіне араласуы, әйелдер арасындағы мәдени-ағарту жұмыстарының жүргізілу барысы, қалыңмал мәселелеріне арнап «Қазақ әйелдері даңғыл жол үстінде», «Қазақ әйелдерінің қалыңмалдан құтылған күні», «Октябрь революциясы және қырғыз әйелі», «Әйелдер бостандығы» тағы басқа мақалаларын жариялаған. Кейбір мақалалары «Қазақ әйелі», «Сағида» сияқты бүркеншек атпен жазылған. Оразбаева қазақ әндері мен күйлерін жинаған А.В.Затаевичке өзінің орындауымен қазақтың «Жайық», «Қосай», «Танысу жыры», «Зейнешім», «Сарыжан», «Төрт пішін», «Айнамкөз», «Япырай», «Қыз ұзату» (Қоштасу) сияқты барлығы 18 әнінің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енуіне мұрындық болды.

104 жыл бұрын (1912-1975) Ұлы Отан соғысына қатысушы, Орталық майданның 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 231-ші гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы, Кеңес Одағының Батыры АЙТҚҰЛОВ Сәлім Нығметұлы дүниеге келді.\

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Мұқыр ауылында туған. 1930 жылы Оралда 9 сыныпты бтіріп, сонда зауытта еңбек етті. 1941 жылдың шілдесінде Қызыл Армия қатарына алынды. 1941 жылдан майданда. 1943 жылдан БКП(б)/КПСС мүшесі. Ефрейтор С.Айтқұлов Киевтің сол жағынан Днепрді кешіп өтуде батырлық көрсетті, Глебовка және Ясногородка селоларындағы плацдарымды босатып ,ұстап тұруда қаһармандық ерлігімен ерекшеленді. 1943 жылғы 17 қазанда оған Днепрден өтудегі батырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин ордені мен Алтын жұлдызды ержүрек жауынгерге Кремльде М.И.Калинин тапсырды. Госпитальдан шыққаннан кейін Одесса жаяу әскерлер училищесінде оқып, кіші лейтенант әскери атағына ие болды. Соғыстан кейін Қазақ КСР Орал облыстық тұтыншылар қоғамында ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1975 жылы 24 сәуірде қайтыс болды. Орал қаласында (Батыс Қазақстан облысы) жерленді.



null 72 жыл
бұрын (1944) ГУРСКИЙ Анатолий Степанович - Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық журналистер одағының кандидаты. Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және филологиялық білімі бар. Еңбек жолын кеңшардың тракторлық бригадасынан бастады. Әскерден келгеннен кейін Қазақстанның ЛКСМ аудандық және облыстық комитетінде жұмыс жасады. 1969 жылдың қазан айынан бастап аудандық және облыстық газеттерде, ТАСС тілшісінің өкілеттігімен КазТАГ агенттігінде журналистік және басқарушылық қызметтерді атқарды. 1994 жылдың күзінен «Вести Казахстана» парламенттік газетінің бас редакторы болды. 1996 жылдың наурыз айының басында Қазақстан баспа және жалпы ақпарат ұлттық агенттігінде төраға орынбасары ретінде тағайындалды. Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментін басқарды. 1999 жылдың наурызынан «Казахстанская правда» газетінің президенті ретінде қызмет атқарды. Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болды, «Аграрный Казахстан» республикалық апталық басылымын шығарып әрі басқарушылық жасады.




null 52 жыл
бұрын (1964) Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары ӨТЕҒҰЛОВ Арман Кәрімұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Саратов зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. 1989-1998 жылдары - Фурманов ауданы «Ақкөл» кеңшарының бас малдәрігері, Казталов ауданы «Талдыапан» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры. 1998-2002 жылдар аралығында Қазталов ауданы әкімшілігінде және облыс әкімі аппаратында басшы және жауапты лауазымдар атқарған. Қаратөбе ауданының әкімі болған. 2010-2013 жылдары - Теректі ауданының әкімі. 2013-2014 жылдары - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2014-2015 жылдары -БҚО әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2015 жылғы қаңтардан бері.







52 жыл
бұрын (1968) МОЛДАҒҰЛОВ Марат Николаевич - Ақтау қалалық мәслихатының VI шақырылымындағы депутаты, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында туған. Жоғары білімді, мамандығы - химик.

48 жыл бұрын (1968) қазақстандық хоккейші, қысқы Олимпидалық ойындар мен әлем чемпионаттарының қатысушысы КОРЕШКОВ Александр Геннадьевич дүниеге келді.

Өзінің туған жері Өскеменде «Торпедо» командасында ойнады, одан кейін магнитогорлық «Металлург» командасына ауысты. Осы кездері оның командасы екі рет Ресей чемпионатында жеңімпаз болды., екі рет күміс, үш рет қола жүлдеге ие болды. Еуролигада екі рет жеңіске жетті, Еуропа суперкубогының иегері.

Кейінірек өзінің алғашқы клубына қайта оралды (Қазцинк-Торпедо). 2007-08 маусымда астаналық «Барысқа» ауысты. 2010 жылы Қазақстандық шайбалы хоккей федерациясының балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамыту бөлімін басқарды. Қазақстан құрамасы сапында Александр 7 әлем чемпионатына қатысты, Олимпиадалық ойындардың екі финалдық хоккей турнирлерінің қатысушысы болды. 1998 жылы Наганодағы Олимпиадада қазақстандық құрама ширек финалға дейін жетті.

34 жыл бұрын (1982) қазақстандық волейболшы, Қазақстандық құрама мен «Жетісу» волейбол клубының ойыншысы НАСЕДКИНА Ольга Владимировна дүниеге келді.

Қырғызстанда туған. Сонда волейбол ойнауды бастап, Қырғызстандағы жалғыз кәсіби команда «Беш-Сарыда» болды.

2000 жылы қазақстандық жаттықтырушы Н.А.Щербаковтың шақыруымен алматыға келіп, «Глотур» «бұрынғы («Алма-Динамо») командасында ойнады. 2001 жылы «Рахат» командасына ауысып, Қазақстан құрамасына шақырылды. Ол «Рахаттың» құрамында 7 рет қазақстан чемпионы, Азия клубтың чемпионатының жеңімпазы болды. Бейжіңдегі Олимпиадада Қазақстан құрамасының құрамында қатысты. 2008 жылдан «Жетісу» волейбол командасының құрамында. Құрама командада Азия чемпионатында күміс медальді, Азиада - 2010-да қола медальді жеңіп алуға үлес қосты.




null 71 жыл
бұрын (1945-2001) Непалдың 1972-2001 жылдардағы бесінші королі екінші король Махендраның ұлы, одан тақты мұрагерлікке алған Бирендра Бир Бикрам Шах дүниеге келді.












null 47 жыл
бұрын (1969) фин бағдарламашысы, Linux операциялық жүйесін жасаушы Линус Бенедикт ТОРВАЛЬДС дүниеге келді.













null 113 жыл
бұрын (1903-1957) алғашқы ЭЕМ-ді жасауға елеулі үлес қосқан америкалық математик және физик Джон фон НЕЙМАН (туылғандағы аты-жөні - Янош Лайош Нейман) дүниеге келді.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT