28 тамызда Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 28 тамыз күні Қазақстанның бір қаласындағы метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкентте жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар