+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

28 шілде: Туған күн иелері

2021 жылғы 28 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
28 шілде: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 28 шілдеге арналған «Туған күн иелері күнтізбесін» ұсынады.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1957) «Қазселқорғау» ММ басшысы Кәрім Насбекұлы КӨКІРЕКБАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Алматы теміржол көлігі институтын жол қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, құрметті теміржолшы.

Әр жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрҚазақТур» ЖШС бас директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының вице-президенті, басқарушы директор, даму жөніндегі вице-президенті, бас инженер болып қызмет еткен. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (2008-2009), Жамбыл облысы әкімнің бірінші орынбасары (2009-2013), Жамбыл облысының әкімі (2013-2018) болған. Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2018-2019) қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымында 2019 жылдың тамызынан бастап.

«Құрмет» орденімен (2010), «Парасат» орденімен (2015) марапатталған.

60 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Болат Әбілқасымұлы ПАЛЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ политехника институтын, Еуразия нарық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары – «Қайсар» өндірістік кешені төрағасының орынбасары, Республикалық жүйелі зерттеулер орталығы қолданбалы зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары – «Жастар» қоры кеңесінің төрағасы, «Олжа» шағын кәсіпорны директорының орынбасары. 1992-1993 жылдары – Алматы қалалық жастар ісі комитеті экономика бөлімінің меңгерушісі, «Астана-Полис» сақтандыру фирмасының директоры. 1993-1997 жылдары – «Астана-Инвест» инвестициялық жекешелендіру қорының басқарушысы. 1997-1998 жылдары – «Астана-Холдинг» Корпорациясы» ЖАҚ-ының президенті, бақылау кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - «Қазақстан халықтық жинақ банкі» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының орынбасары, бас директоры, «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2006 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі. 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2007 жылы – «Меркурий» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының басқарма төрағасы. 2010-2011 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – басқарушы директоры. «ҚазПетроМаш» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. 2011-2016 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік» АҚ басқарма төрағасы. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (2016-2020).

«Құрмет», 3-дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» ордендері, тағы басқа көптеген марапаттары бар.

60 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Андрей Иванович ЛУКИН дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. 1983 жылы Целиноград қаласының инженерлік-құрылыс институтын (инженер-құрылысшы), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (заңгер-құқықтанушы) бітірген.

Еңбек жолы: 1985 -1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында қызмет өткерген. Ақмола қаласы Шығыс ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Мемлекеттік Тергеу Комитетінің бастығы. 1998 жылғы мамыр - 2003 жылғы шілде аралығында – Астана қаласы Тұрғын үй департаментінің бастығы, 2003 жылғы шілде - қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік және құқық жұмысы департаментінің директоры, 2003 жылғы қыркүйек - 2005 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі. 2005-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары. 2014-2017 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамыз айынан бастап.

Қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірқатар медальдармен және төсбелгілермен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT