28 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Автожол саласы: 2023 жылға жоспар» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Беков Амангелді Әуезханұлы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұқабетов Нұржан Әбілқасымұлы, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» бас директоры Сағынов Замир Садықұлы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «2023 жылға арналған банк секторындағы қадағалау саясатының негізгі басымдықтары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлегенұлы Қизатов.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қабылқақ Күлмесқанұлының «Тұманды дала» және Мағаз Разданұлының «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

15.00-де ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде сенатор А.И.Лукиннің «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерде деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуына жол бермеу туралы» тақырыбы бойынша депутаттық сауалына жауапты талқылайтын отырыс өтеді.

16.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Жастарға микрокредит беру қағидасы туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Астана филиалы директорының несиелеу жөніндегі орынбасары Олжас Баймаханов.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

17.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Maqsut Narikbayev Unıversity жыл сайынғы дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» шарасын өткізеді.

19.20-да Астана қаласы филармониясының концерт залында «SOLO» заманауи эксперименталды қойылымы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар