+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

28 медқызметкер коронавирус инфекциясын жұқтырды - Елжан Біртанов

2020 жылғы 3 сәуір 16:53
Бөлісіңіз:
28 медқызметкер коронавирус инфекциясын жұқтырды - Елжан Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 28 медициналық қызметкер коронавирус инфекциясымен күрес бойынша кәсіби міндетін атқару барысында вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.

«28 медициналық қызметкер ауру жұқтырды. Мұнда коронавирус инфекциясымен күрес бойынша кәсіби міндетін атқару барысында індет жұқтырған мамандарды айтып отырмыз. Яғни, біз вирус жұқтыру қаупі жоғары орындарда жұмыс істеп жүрген мамандардың статистикасын жүргіземіз», - деді министр.

Сонымен бірге, министр өз туыстарынан немесе жұмыс орнында ауру жұқтырған медициналық мамандардың да бар екенін атап өтті.

«Бірақ, олардың қызметі коронавирустық инфекциямен күреске қатысты емес. Сондықтан, бұл топ бөлек бақыланады. Барлық жағдайда да вирус табылған жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Медициналық немесе басқа да еңбек ұжымдары карантинге жіберіледі. Әрине, науқастар емделіп жатқан ғимараттарда қауіп басым. Сондықтан, ондағы медициналық қызметкерлерге ерекше көңіл бөлеміз. Олар да өзге науқастар секілді инфекциялық ауруханаға жатқызылып, ем алады», - деді Е. Біртанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT