28 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2022 жылғы 27 маусым 20:57

28 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру және IT саласын дамыту және бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың негізгі тәсілдері қаралады.

11.30-да «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова ресми кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.

15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев БАҚ өкілдеріне жыл сайынғы «Алтын Томирис» журналистік сыйлығын табыстайды. Марапаттау рәсімі «Астана Операда» өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Ұлттық домбыра күніне орай ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мемлекеттік орталық музейі музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясының негізінде «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» жылжымалы көрмесін өткізеді.

17.00-де Қазмедиа орталығында «Тұмар» сыйлығы салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

19.00-де «Роза Бағланова атындағы Қазақконцертте «Сырлы әндер – сырласым» концерті өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Күйеу бала» драмасы көрсетіледі.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT