28 маусым күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 маусым күні болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

10:00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың 2017-2021 жылдардағы даму бағдарламасы.

11:30-да ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі жөніндегі ҚР заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» заң жобасы талқыланады.

12:00-де ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитетінде ІІМ орынбасары Ю.Ильиннің қатысуымен брифинг өтеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Сен өзгесің!» челленджімен республикалық спорттық старттың басталуына орай баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15:00-де «Сарыарқа» олимпиадалық дайындау орталығына Әлия Юсупова, Анна Ризатдинованың және Қазақстан гимнастика федерациясының бас хатшысы Айгүл Биекенованың, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиада комитеті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10:00-де «Орталық Азия мен Түркиядағы қуаңшылық және тұзды ауыл шаруашылығы ландшафтарын кешенді басқару» атты БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы және Ғаламдық экологиялық қор жобасының кеңсесі ашылады.

Сағат 12:00-де Urban Forum Kazakhstan баспасөз клубында Алматы аумағындағы кешенді зерттеу қорытындысы шығарылады. Зерттеу Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының қолдауымен жасалды.

Сағат 14:00-де Қазақстан баспасөз клубында «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші кезеңіне орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар