28 маусым күнгі ауа райы: Тұман, найзағай, бұршақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 28 маусым күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде түрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Дауыл тұрады. Солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан обысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20, 23-28 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз бұршақ жауады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар