28 мамырда астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9:00-дe «Тарлан Арена» спорт кешенінде «Спорт – ұлттың денсаулығы» атты Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кубогі үшін шағын футболдан турнир өтеді.

11:00-де Достық үйінде Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы ТҮРКСОЙ мәдениет және өнер қайраткерлерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өтеді.

11.00-де «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ашық есік күнін өткізеді.

14.00-де Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театрында «Арыстан патша» ертегісі ұсынылады.

17.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Классикадан этно-джазға дейін» концерті көрсетіледі.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ұйқым келмейді» драмасы сахналанады.


Соңғы жаңалықтар