28 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Туризмді дамыту мәселелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Рыспеков Дастан Адайұлы; «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басқарушы директоры Даниел Сержанұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

11.00-де Тұңғыш Президент кітапханасында Бірінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына арналған «Қазақ елі: өсіп-өркендеудің тұжырымдамалық негіздері және жаһанданған әлемге бейімделу» Халықаралық форумы өтеді.

14.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда» Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де Жастар театрында Марк Левидің «Жер мен көктің арасы» мелодрамасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар