28 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, индустрияландыру картасын іске асыру барысы және елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шаралары қаралады.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көруге болады.

10.00-де Astana Media Week-2021 медиаапталығы аясында іс-шаралар өтеді.

11.00-де Есіл ауданының полиция басқармасында «Алаяқтықтың, оның ішінде ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстары арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу және ашу бойынша қосымша шаралар» тақырыбында брифинг өтеді.

Спикер: Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Талғат Бөлегенов.

11.40-та ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен мемлекеттік тілді дамыту қоры «Ұлы дала аңыздары» сериясының жаңа комикстер шығарылымын таныстырады және бұл комикстердің сюжетімен түсірілген көркем фотосуреттер көрмесін өткізеді.

12.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы баланың алғашқы қадамдарымен байланысты «Тұсаукесер» дәстүрін көрсетіп, этнографиялық мереке өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау шараларын күшейту және МӘМ жұмысын жетілдіру туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді.

Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі - Ерлан Әукенов; ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова; ҚР Еңбекмині әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры Альбина Боранбайқызы.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

14.00-де «QazExpoCongress» орталығында Башқұртстан делегациясы өздерінің инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстырады.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы егін жинау науқанының барысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

16.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалін қорытындылайды.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымында халықты көмірмен қамтамасыз ету: қатты отынмен биржалық сауданың нәтижелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Арыстан Кенжалинов; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook


Соңғы жаңалықтар