28 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Sheraton Astana қонақ үйінде «TALAP» орталығы «Қазақстандағы реформалар үшін сайлаудан кейінгі мүмкіндіктер терезесі» атты дөңгелек үстел өткізеді.

10.00-де Конгресс орталығында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған конференция өтеді. Онда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның үздік әлеуметтік қызметкерлерін марапаттайды.

14.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жасыл экономикаға» көшу жағдайындағы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы: Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесін қолдану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

15.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Мәдениет күндері аясында «Манас» эпосына арналған шара өтеді.

16.00-де Astana Hub-та StartUp Academy TikTok салтанатты ашылуы өтеді. Онда TikTok және Astana Hub басшылығымен медиа-брифинг, салтанатты ашылу рәсімі және TikTok-тағы жергілікті стартаптардың кейстеріне шолу өтеді. Ашылуға ҚР стартап-қоғамдастығының өкілдері де қатысады.

16.00-де қалалық мәслихатының мәжіліс залында Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ден қою шаралары туралы. Спикер: ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Мыңжасаров Ержан Тілекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Мәдениет күндері аясында Н.Түгелов атындағы «Ақ марал» мемлекеттік би ансамблінің және «Қамбарқан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтеді.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында All the Jazz концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар