+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 28 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 28 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық анимация күні

1892 жылғы 28 қазанда Парижде Эмиль Рейно көрермендерді осы күнге дейін ешкім көрмеген «оптикалық театр» көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш көпшілікке алғаш рет өзінің праксиноскоп аппаратын ұсынды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды. Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі әскері құрылды.

1998 жылы скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем әртісі» жоғары атағы берілді.

2005 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Қыз Жібек» эпосына - 500 жыл» атты көрме ашылды.

2005 жылы Жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан «Үн» атты әдеби журналдың таныстырылымы болды. Мұқабасында Көк бөрі мен Ай бейнеленген журналдың алғашқы санында әдебиетке қатысты сыни пікірлер, жас ақындар өлеңі мен жазушылардың әңгімелері, әлем әдебиетіндегі озық туындылардың қазақшаға тәржімаланған нұсқалары жарық көрген.

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 500 теңге «Көшпенділер алтыны» сериясынан «Бұланның басы» күміс монетасын айналымға шығарды. Күміс монета - «Көшпенділер алтыны» сериясының сегізінші монетасы. Оның дизайнына Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары барысында табылған алтын бұйымдардың бейнесі пайдаланылды. 925 сынамалы, салмағы 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы «proof», таралымы - 5 мың дана.

2013 жылы Шымкентте «Қазмедприбор» кәсіпорнында алғашқы жергілікті рентген аппараты шығарылды. Аталмыш жоба «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып, ҚРҮдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының Өңірлік картасына енгізілді.

2015 жылы Алматыда көрнекті қоғам қайраткері Герольд Бельгерге ескерткіш ашылды.Кеңсайда қойылған ескерткішті Амангелді Байғаторов басқарған шығармашылық топ жасады.

2015 жылы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қатысуымен Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырылып түрік тіліндегі ақын шығармалары топтастырылған кітаптар жарық көрді. Оған түрік және басқа да аты әйгілі қазіргі заманғы шетелдік поэзияның өкілдерінің пікірлері енген .

2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналдық құны 100 теңге болатын нейзильбер қоспасынан жасалған «Көрнекті оқиғалар мен адамдар» сериясынан «Хамит Ерғалиға 100 жыл» ескерткіш монеталарын шығарды.

Хамит Ерғали – Қазақ КСР халық жазушысы, қазақ ақыны.

2016 жылы Қытайда тарихтағы алқашқы Қазақстандағы сауда үйі пайда болды. Ол Шанхай еркін сауда аймағында Линхай» корпорациясының жақын арада ашылған «азық-түлік орталығының аумағында пайда болды.

https://www.inform.kz/ru/torgovyy-dom-kazahstana-vpervye-otkryli-v-kitae_a2963697/

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT