28 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елге 5287 жолаушы ұшып келген. Оның 5259-ында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 28 адамның ПТР-анықтамасы жоқ, барлығы - ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына ұшып келді – 18 рейс, 2 934 жолаушы, анықтамамен - 2924, анықтамасыз - 10;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 831 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 13;
- Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 737 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 361 жолаушы, анықтамамен - 359, анықтамасыз - 2;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы анықтамамен келген;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;
- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы, анықтамамен - 145, анықтамасыз - 3.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді комитеттен.
Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 9 сәуірде шетелден анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 16 азаматының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған – жолаушылардың ешбірінде коронавирус анықталған жоқ.