28 қараша күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты өзгерістер күтілмейді. Еліміздің басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Батыста – жел күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Манғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар