28 қаңтар. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 28 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1955) көрнекті мемлекет қайраткері Рашид Төлеутайұлы ТҮСІПБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қарағанды қаласының аудандық халық сотында 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды. 1984-1999 жылдары – Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасы, Қарағанды облысы сотының төрағасы. 1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды. 2000 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 2000-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Бас прокуроры. 2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрі. 2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы. 2014 жылғы тамыздан – ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы. 2015-2019 жылдар аралығында – Сенат депутаты.

2 дәрежелі «Барыс» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1966) «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы

Мәулен Зарлықұлы АЙМАНБЕТОВдүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Игерген мамандықтары – жол-құрылыс инженері, агроном, экономист және іскерлік басқару магистрі.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматыгорстрой» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау бөлімінің бригадирі болып бастаған. Кейін осы бөлімнің бригадирі, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2000-2006 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Фитосанитарлық» РМК бас директоры, Астана қаласы; 2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасына бағынышты ұйымдарда түрлі жауапты қызметтер атқарды; 2008-2013 жылдары Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары болды. Сонымен қатар ол Көкшетау қаласы автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2020 жылдары «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» ММ Күрделі жөндеу құрылыс бөлімінің басшысы болған. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары (2020-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

54 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері Қайрат Нематұлы КЕЛІМБЕТОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Джорджтаун университетінің (АҚШ, Вашингтон) арнаулы бағдарламасын бітірген.

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің департамент директорының орынбасары, директоры. 1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі. 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2006-2008 жылдары – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2008 жылы қаңтардың 23-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2008 жылғы қазанның 13-інен – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2011 жылғы сәуірден – ҚР Экономика және сауда министрі. 2012 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың қазанынан ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы қызметін атқарды. 2015 жылғы желтоқсан айынан бастап – «Астана» Халықаралық қаржы орталығының жетекшісі. 2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2005); «Парасат» орденімен (2010) марапатталған.

52 жыл бұрын (1971) ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы ӘШІМБАЕВдүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі жүйесінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым-қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018). «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (2018-2019); ҚР Президентінің көмекшісі (07.2019-12.2019). ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары (2019-2020).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың мамыр айынан бері.

«Құрмет» орденімен (12.2007); «10 жыл Астана» медалімен (2008); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

44 жыл бұрын (1979) Атырау облысының прокуроры Бауыржан Альбертұлы ЖҰМАҚАНОВдүниеге келді.

Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Қандыағаш көлік прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Қандыағаш, Ақтөбе көлік прокурорларының аға көмекшісі, Батыс аймағының көлік прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры, басқарма аға прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары және прокуроры, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің аса маңызды қылмыстық істерді тергеу басқармасындағы Бас прокурордың көмекшісі, Арнайы прокурорлар қызметінің Бақылау-әдістемелік басқармасындағы Бас Прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған. 2019-2022 жж. – Атырау облысы прокурорының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар