28 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 28 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын оқырман назарына ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Кәсіподақтар үйінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» (ҚПО) консорциумы арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы корпоративтік-әлеуметтік келісім бекітіледі.

9.00-де «Мирас» Халықаралық мектебінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің қатысуымен STEM ұлттық форумы өтеді.

9.00-де «Hilton» қонақүйінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдастыруымен отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша алғашқы «Samruk Business Forum» форумы өтеді.

9.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестиция тарту құралы: үлгілері мен тәжірибе» атты І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдаулар өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық архивінде Алтын Орданың 750, Қасым ханның туғанына 575, Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.

10.30-да «Жұмбақтас» қонақүйінде ҚР және РФ Ауыл шаруашылығы министрліктері мамандарының кездесуі өтеді. Кездесу барысында сарапшылар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында «Ұлттық кеңес: қоғамдық келісімді қайта жандандыру» атты пікірталас клубының отырысы өтеді.

11.00-де елордалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігінде «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа прототиптерді ойлап табу мейкатон TOM: Nur-Sultan» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара ұйымдастырылады.

11.00-де «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» акциясын өткізеді. Акция барысында көпбалалы отбасылардан шыққан 3-6 жасқа дейінгі балаларға балабақшаға тегін баруға 100 сертификат табысталады.

12.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының қоладауымен «Түрік шайын таныту» шарасы өтеді.

12.20-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да Қазмедиа орталығында 2019 жылдың қорытындылары бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Абылай ханның алып монументінің бой көтеруі жайлы баспасөз мәслихаты өтеді.

16.20-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұрғын үйдің қолжетімділігі сатысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Қазақстандағы лифт саласын жаңғырту. Даму мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтеді.

12.00-де Тұран университетінде халықаралық Сирек кездесетін аурулар күні қарсаңында сирек кездесетін жүйке-бұлшықет аурулары бар науқастарға қолдау көрсететін «Өмірге сен» қоғамдық қоры конференция, жәрмеңке және концерт өткізеді.

15.00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) баспасөз бөлімінде 2019 жылы үздік нәтиже көрсеткен биржа мен листингілік компаниялар мүшелерін марапаттау рәсімі өтеді.


Соңғы жаңалықтар