+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

28,8 мыңнан астам қазақстандықтың мүгедектігі автоматты түрде ұзартылды

2020 жылғы 9 шілде 16:43
Бөлісіңіз:
28,8 мыңнан астам қазақстандықтың мүгедектігі автоматты түрде ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік мерзімін автоматты түрде 3 айға ұзарту туралы бұйрық қабылдады. Бүгінгі күні 28 867 азаматқа мүгедектік мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара мемлекеттік мекемелерде адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға және азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.

«Мүгедектікті, жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасын автоматты түрде ұзарту қайта куәландыру мерзімі шектеу шаралары кезеңіне (ағымдағы жылғы 31 шілдені қоса алғанда) келген азаматтарға қатысты болды. Бұл ретте жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.

Мүгедектікті алғаш рет белгілеген жағдайда eGov.kz порталда «Электрондық өтініштер» бөліміне құжаттардың сканерленген көшірмелерімен қоса өтінім беру қажет», делінген хабарламада.

16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларға қатысты сырттай қайта куәландыру қарастырылған. Оларға мүгедектік қолда бар құжаттар негізінде және алдыңғы куәландыруға сәйкес мүгедектік дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

Есіңізге салсақ, алғаш рет мүгедектік мерзімін автоматты түрде ұзарту Қазақстан аумағында төтенше жағдайлар режимін енгізу кезінде қабылданды. Қайта куәландыру мерзімі ТЖ кезеңіне және одан бір ай бұрын уақытқа (2020 жылғы 15 ақпаннан бастап) қатар келген адамдарға мүгедектік 3 айға ұзартылған еді.

Айта кетейік, жыл сайын 250 мыңнан астам азамат медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтеді. 2019 жылы мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын анықтау қызметін 251 909 адам алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT