27 жастағы Жаңаөзен тұрғыны тапсырыспен торт пісіріп, табыс тауып жүр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде торт пісіріп, бүгінде белгілі бизнесменге айналған ер адам тұрады. 27 жастағы Сәбит өзгеше рецептімен бірнеше торттың түрін ойлап шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Сәбит Кабыкеев 21 жасынан бастап тәтті торттар дайындайды.
Осы кәсіпті қолға алуға оның тәттілерді бала кезінен жақсы көруі себеп болған. Бүгінде ол әртүрлі торттардың құрамын әзірлеп, өзі атау береді.
«Торт пісіріп жүргеніме 6 жылдай болды. Қытайдағы оқуымды тастап елге оралып, 1 жылдай жүріп, бизнесімді бастадым. Тапсырыстарды әзірше үйде қабылдаймын. Бүгінде менен сабақ алған шәкірттерім де бар. Алдағы уақытта өз кондитерлік дүкенімді ашуды жоспарлап отырмын. Мақсатым - Жаңаөзен, Ақтау қалаларында кондитерлік студия ашып, кәсібімді кеңейту. Өсіп келе жатқан жастарды жұмысқа тартып, еңбекке баулығым келеді. Қазір өзгеше рецептімен 3 торт ойлап шығардым»,- дейді Сәбит Кабыкеев.
Кондитердің айтуынша, бір тортты әртүрлі жағынан жасап көріп, ерекше торттың рецептін ойлап тапқан.
Оны дайындап, құрамын анықтау үшін 2 айға жуық уақыт кеткен.
Бүгінде ол тәттілеріне «Ай тәтті», «Үш сұлу» және «Аққу» деген ат қойған.
27 жастағы кәсіпкер азамат болашақта жұмыссыз жүрген жастарға тегін білім беріп, өзінің кондитерлік дүкеніне жұмысқа алуды мақсат тұтады.
- 2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды
- Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
- Улы өрмекшілер: Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
- Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
-
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
-
Қытай еліндегі қобыз жасаудың хас шебері - Сайраш Жармұхаметұлы - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам