27 жас маман еш тамыр-таныссыз Ұлттық банкте қызметке тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат ­­- Қазақстан Ұлттық банкі еліміздің басты қаржы институтында жұмыс істеу үшін жас мамандарды және жоғары оқу орындарының түлектерін іздестіру жөніндегі науқан қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Үміткерлерден өтініштер 2016 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында қабылданды. Қарауға 960 түйіндеме түсті. Үміткерлерді іріктеу процесі бірнеше айға созылды. Тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі бар және Ұлттық банктің қызметкері болғысы келетін үміткерлер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтті. Нәтижесінде, 48 үміткер іріктеліп, 27 адам лауазымды қызметке тағайындауға ұсынылды, 21 адам Ұлттық банктің кадр резервіне алынды», - деді банк төрағасы Данияр Ақышев.  

Д. Ақышевтың айтуынша, банк бұдан кейін де бұл науқанды өткізуді жалғастырады. Ол туралы ақпарат Ұлттық банктің сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланатын болады.

Айта кетейік, бұл науқанның басталғаны туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев 2016 жылғы 20 қыркүйектегі онлайн-конференцияда мәлімдеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар