27 шілдеде республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда найзағай жарқылдап, өткінші жаңбырлар өтеді, екпінді жел соғып, ауа температурасының төмендеуі болжануда.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр. Таңертең солтүстік облыстарда тұман түсуі ықтимал.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа ағындарының әсерімен өткінші жаңбырлар өтуі мүмкін, таулы аймақтарда шағын жауын жауады, одан кейін ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Ал Қазақстанның батысында атмосфералық қысымның әсерімен жауын-шашынсыз күн райы болжанып, ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар