27 маусым. Туған күн иелері
2022 жылғы 27 маусым 08:10

27 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат сенбі, 27 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1958) музыкант, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Ермекұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген. «Арай» тобы ұжымында белгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваны сүйемелдеуші болды. 1982 жылы «Арайдың» барлық музыканттары тарап кетті. Ал Роза Байғалиға жаңа топ жасақтауды және оны басқаруды ұсынды. Жаңа топ та бұрынғы «Арай» атауында қалды, кейіннен «Алматы-Студио», одан әрі «A'Studio» аталды. Қазіргі кезде өз ұжымына, «A'Studio» тобына және басқаларына продюсерлікпен айналысады. 90-шы жылдардың басында режиссер Алексей Берковичпен «А-Студио» туралы «Джулия» музыкалық фильмі түсірілді. Оған музыканттардың өздері қатысты.

44 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Өтемісұлы ЖҮРЕБЕКОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, «Strathclyde» университетін (Шотландия), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ) тәмамдаған. 2001-2002 жылдары — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы. 2002-2004 жылдары — «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің менеджері. 2004-2005 жылдары — «Аджип ККО» компаниясында Өкілетті органының техникалық тобы жанындағы маманы, Лондон қ. 2005-2010 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары. 2010-2017 жылдары «PSA» ЖШС жұмыс істеді. Келісімшарттар мен маркетинг монторингі департаментінің директорының орынбасары; бизнес пен жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі басқарушы директор; экономика, қаржы, аудит пен бюджет жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2017–2019 жылдары — «PSA» ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы). 2019 жылдың шілде мен желтоқсан айлары аралығында ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Қазіргі қызметін 2019 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.

36 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Елнұр Сабыржанұлы БЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Кентау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Еңбек жолын «Жастар үні» Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалды. 2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2017 -2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды. 2020 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы болып сайланды. Қазіргі қызметін 2021 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT