+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

27 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 27 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
27 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 27 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Жамбыл облысы Шу ауданының Балуан Шолақ атындағы ауылында балуан, ақын, композитор Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды.

1995 жылы баспасөзде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде РФ азаматтарының келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруі және олардың мәртебесі туралы келісімді, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төлем одағын құру туралы келісімді, Экономикалық одақтың Халықаралық экономикалық комитетін құру туралы келісімді ратификациялау туралы Жарлығы жарияланды.

2009 жылы Қарағанды облысындағы 500 кВ-тық «Ағадыр» қосалқы стансасында «Ағадыр-ОҚМАЭС» учаскесі іске қосылды.

2010 жылы қазақтың ғалым-этнографы, фольклортанушы, географ-этнолог, саяхатшы әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың алты томдық шығармаларының үш томы қазақ тіліне аударылды.

Аудармаға негіз ретінде Ш. Уәлихановтың 1985 жылы ҚР ҰҒА академигі Болат Көмековтің басқаруымен жарық көрген бес томдық еңбектер жинағы алынды. Осы іске Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары да жұмылдырылды.

2012 жылы Каннда 65-ші мерейтойлық кинофестиваль өз мәресіне жетті. Осы мәртебелі халықаралық байқау аясында көрермен қошеметіне ие болған қазақстандық «Жаужүрек мың бала» фильмінің әлемдік прокатқа шығаратын агенті белгілі болды. Шетелдік сарапшылар «осындай сапалы өнер туындысын түсірген қазақстандық кинематографтардың бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіншіліктері жеткілікті» деген баға берді.

2012 жылы Әйгілі кәріс режиссері Чо Со Ри Астанаға бүкіл әлемге танымал «Ариран» музыкалық лазерлік шоуын алып келді.

Гиннестің рекордтар кітабына енген шоу «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастың 20 жылдығына орай өткізілді.

Бiр жарым сағаттық спектакльдің негізіне «таңғы жұпар елінің» философиялық тарихы алынған. Онда кәрiс халқы өнерiнiң таңғажайып түрлерi үйлесім тапқан. Таэквондо жауынгерлiк өнердiң үлгiлiк көрсетiлiмдерiн ұлттық дауылпаз аспаптардағы әуен ауыстырды. Одан кейін Кореяның қазіргі заманғы рок-музыкасы құлақ құрышын қандырған соң желпуiштерi бар әсерлi дәстүрлi кәрiс биіне жол бердi. Сонан соң «B-Boy» әйгiлi брейк-данс жастар тобы елорда жұртының алдында өнерлерін паш етті.

2015 жылы Санкт-Петербургте Еуразиялық кеңістіктегі құқықтық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Имашев Санкт-Петербург халықаралық құқықтық форумының сыйлығына ие болды.

2016 жылы Қостанайда салтанатты түрде Қобыланды батыр монументі ашылды. Ескерткішті Қостанайға аты аңызға айналған батырдың ұрпақтары қойдырды. Оны ҚР Суретшілер одағының мүшелері Ахметовтар жасады.

2016 жылы National Geographic қоғамдастығының мүшелері 1954 жылғы журналдың мұқабасында суреті жарияланған Фазила Жаналтайды іздеп тапты. Астананың 80 жастағы тұрғыны осы басылымның қазақстандық нұсқасының тұсаукесеріне шақырылды. Журналдың 1954 жылғы сол нөмірінде Алтайдан Түркияға көшу кезіндегі босқындардың өмірі, сондай-ақ қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы жазылған. Фазила Жаналтай - тірі қалған босқындардың бірі. Ф.Жаналтайдың айтуынша, америкалық фотографтың түсірген суретінде ол небары 16-17 жаста.

2018 жылы Чуваш Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды.

Қонақтарға үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі өнер саласындағы, тарихи, ғылыми және көркем әдебиет туындылары ұсынылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT