27 қыркүйекте астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да The St. Regis Astana қонақүйінде Сауд Арабиясының туризм министрлігі туризмді дамыту бойынша воркшоп өткізіп, қазақстандықтар үшін қажылық жасаудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтып береді.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы және егін жинау науқаны қаралады.

11.00-де «Жоламан» әуеайлағы аумағында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ авиациялық оқу орталығы ашық есік күнін өткізеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00-де Жастар театрында Марк Левидің «Жер мен көктің арасы» мелодрамасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар