27 қыркүйек.Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 2020 жылғы 27 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


94 жыл бұрын (1926-1999) жазушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қостанайдың құрметті азаматы Серік ШӘКІБАЕВ дүниеге келген.

Павлодар қаласында туған.

СССР Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатының өлкеаралық мектебін, Қазақ педагогика институтын бітірген.

1944-1976 жылдары СССР қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. 1983-1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық одағының әдеби кеңесшісі.

«Үлкен Түркістанның күйреуі» деректі повесінің, «Төтенше комиссия», «Көтеріліс» деректі кітаптарының авторы.

Серік Шәкібаевтың сценариі бойынша «По законам мужества» телефильмі түсірілген.

Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Бәкірұлы ТІНІКЕЕВ дүниеге келді.

Ол Қарағандыда туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Қарағанды техникалық университетінің техника ғылымдарының құрметті докторы.

1980 - 1981 жылдар аралығында «Қарағанды көмір» ӨБ № 22 шахтасында электр слесарь, 1981 – 1983 жылдар аралығында әскери қызмет, взвод командирінің орынбасары, Польша Халық Республикасында Солтүстік әскерлер тобы, 1983 - 1990 жылдар аралығында – «Қарағанды көмір» ӨБ «Киров» шахтасының № 4 учаскесінде тазалау кенішінің тау-кен жұмысшысы, 1990 - 1993 жылдар аралығында ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты.

1994 - 1995 жылдар аралығында - ХІІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

2002 - 2004 жылдар аралығында ІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2004 - 2007 жылдар аралығында - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2007 - 2011 жылдар аралығында ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың желтоқсанынан.

54 жыл бұрын (1966) Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеулер университетінің ректоры Искандер Қалыбекұлы БЕЙСЕМБЕТОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Мәскеу экономика-статистика институтының экономикалық кибернетика факультетін, осы институттың аспирантурасын бітірген.

1996 жылдан Экономикалық зерттеулер институтында (бұрынғы ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика институты) директордың орынбасары, директоры.

1999 жылдан ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

2000 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2001 жылдан ҚР стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан - «ҚазмұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2004-2015 жылдары Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры болған.

Қазіргі қызметінде – 2015 жылдың желтоқсанынан.


52 жыл бұрын (1968) «Еуразия+ОРТ» ЖШС бас директоры Сергей Владимирович КИСЕЛЕВ дүниеге келді.

Томбы қаласында (РФ) туған.

Краснояр әуе қорғанысынан қорғану радиоэлектроника жоғары әскери училищесін, радиотехникалық құралдарды пайдалану инженері, «Әділет» құқық жоғары мектебін бітірген, заңгер.

1994-1996 жылдары «Цесна-Сайран» ЖШС бас директорының орынбасары. 1996-2004 жылдары - «Юрист» ЖШС, «ЮрИнфо компаниясы» ЖШС директоры.

2001-2002 жылдары - Соттар одағының хатшысы. 2003 жылдан - Құқықтық мәдениетті қалыптастыру қорының директоры.

2004-2007 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2010 жылдары - «Еуразия» бірінші арнасы» ЖШС бас директоры.

Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы тамыздан бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.


38 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Ринатқызы ЩЕГЛОВА дүниеге келді.

Семей қаласында (қазіргі Семей қаласы) дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, халықаралық құқық (2004); Қазақ экономикалық университеті, менеджмент (2007); Қазақ экономикалық университеті, ақпараттық жүйелер (2011).

Еңбек қызметі: «IT Research Center» ЖШС жоба менеджері (2001-2004); Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттігінде ақпараттандыру департаментінің жетекші маманы (2004-2006); «Futurtech халықаралық ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директорының орынбасары (2006-2008); IBM компаниясының Қазақстандағы өкілдігінде сату бөлімінің басшысы (2008-2011); «Ұлттық инфокоммуникациялық Холдинг» АҚ ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері; «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарушы директоры (2017-2018); «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі (01.2018-06.2018); Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі (2018-2019); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі 2019-2020).

Қазіргі атқаратын лауазымында – 2020 жылдың ақпан айынан бері.


Соңғы жаңалықтар