+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

27 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 27 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
27 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 27 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық туризм күні 1980 жылы Манилада өткен Бүкіләлемдік туристік ұйымдар Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын атап өтіледі.

Google-дің туған күні

Google.com домендік есімі 1997 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді, ал Google Inc. компаниясы 1998 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді. Алайда, 2005 жылдан бастап компанияның туған күні ресми түрде 27 қыркүйекте атап өтіледі.

Қазақстандағы Еңбек күні

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіліп, 2013 жылғы қарашада Республика Президентінің Жарлығымен жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында белгіленді.

Сонымен бір мезгілде «Еңбек ардагері» медалі тағайындалып, ол өзінің еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген өндіріс озаттарына, 40 жылдан астам өтілі бар, бір салада кемінде 10 жыл жұмыс істеген қызметкерлерге табыс етіледі.

Қазақстандағы машина жасау күні

Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Мереке өз тарихын кеңес заманынан бері жүргізіп келеді. Оны тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, Беларусь, Қырғызстан машина жасаушылар да атап өтеді. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1980 жылғы 1 қазандағы № 3018 «Мерекелік және естелік күндер туралы» Жарлығымен құрылды.

Машина жасау күні 2017 жылғы 31 қазанда ҚР премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бекіткен 46 мерекелік күндердің қатарына енді деп ҚР Үкіметінің № 689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қаулысына қол қойды.

Дүниежүзілік өзендер күні

Бұл мереке қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Мереке өзендердің жағдайын жақсарту үшін 2005 жылы – БҰҰ «Су – өмір үшін» іс-әрекетінің халықаралық онжылдығының басталғанын жариялаған жылы белгіленді. Бұл науқан қоғамның назарын планетаның барлық су ресурстарына деген қамқорлықты жақсарту мақсатында басталды.

Халықаралық саңыраулар күні

Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып, 1951 жылы Дүниежүзілік саңыраулар федерациясының құрылуына орай құрылды. Күннің мақсаты – халықаралық қоғамдастықтың саңырау адамдардың күнделікті кездесетін проблемалары туралы хабардарлығын арттыру.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1929 жылы астық дайындау науқаны кезінде Сырдария округінің Бостандық ауданының (қазір Өзбекстанға қарайды) тұрғындары кеңес үкіметінің ауыр салық салуына және зомбылық әрекетіне қарсы қарсылық көрсетті. Көтерілісті ұйымдастырушылар Т. Мұсабаев, У. Майлыбаев болды, оған 500-ге тарта адам қатысты.

Берішмолла қыстауының қасындағы ұрыста оларға И. Шаныбековтің басмашылар жасағы көмекке келді. Көтерілісті Мемлекеттік саяси басқарманың жасақтары күшпен басты.

Көтерілісшілерден 50 адам қазаға ұшырады, 2 адам ату жазасына кесілді, 36-сы – 10 жылға сотталды, жетеуі – 5 жылға жер аударылды.

1931 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының «Баянтау» газетінің алғашқы саны шықты. Оған белгілі этнограф, фльклоршы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев ақ тілегін білдірді. Оның алғашқы редакторы Ғалым Малдыбаев болды, осы газетте халық жазушысы Дихан Әбілов шығармашылық жолын бастады.

2006 жылы Германияның Баден-Вюртемберг жерінде, Вальдбрунн-Мюльбен қаласында Қазақстан Елшілігі жергілікті қымыз өндіруші фермамен бірлесіп, Германиядағы қазақ диаспорасы мен Қазақстаннан көшіп барған отандастарымыздың белсенді атсалысуымен «Қымызмұрындық» өткізді.

Шара аясында мерекелік қойылымдар ұйымдастырылып, қымыз мерекесіне арнайы келген қонақтардың алдында Кельн және Бавария аймақтарындағы қазақ диаспорасының көркемөнерпаз әртістері өнер көрсетті.

Мереке қонақтары қазақтың киіз үйімен, домбыра аспабымен, ұлттық дастарқан мәзірімен және Германиядағы қымыз өндірісінің басталу тарихымен, қымыздың емдік қасиеттерімен танысты.

2007 жылы Алматыда «Абай жолы» романының орыс тіліндегі жаңа аудармасының таныстырылымы болып өтті. Қазақстанда туған және қазақ әдебиетімен жете таныс, сондай-ақ Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбай, Оралхан Бөкей мен Төлен Әбдіктің шығармаларын сәтті аударып, мол тәжірибе жинақтаған есімі әлемге әйгілі жазушы Анатолий Ким бұл аудармаға үлкен дайындықпен келді.

2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Қазақстан Республикасы «СемАЗ» ЖШС өндірістік алаңдарында Daewoo автобустарын өндіру зауытының ашылу салтанаты өтті. Бұл өндіріс Қазақстанда импортталатын машина жиынтықтарынан тораптар мен агрегаттарды құрастыруды ғана емес, сондай-ақ шанақтарды құрастыру-дәнекерлеуді және сырлауды қамтитын толық циклді бірінші автоқұрастыру кәсіпорны болды.

2010 жылы Қазақстанда «Balapan» телеарнасы – еліміздегі алғашқы және жалғыз балалар телеарнасы өз жұмысын бастады. Сол кезден бастап ол оқу-танымдық, спорттық, ойын-сауық, анимациялық және зияткерлік бағдарламаларды жарыққа шығарып, әр бала үшін адал дос, рухани жетекші болды. Оны тек бағдарламаларды трансляциялау ғана емес, өскелең ұрпақты тәрбиелеу құралы деп те атауға болады.

2013 жылы Өскемен қаласында ашылған «Мәдениеттер достастығы» көрмесінде 1897 жылы императрица II Екатерина жарлығымен өткен Ресей империясының соңғы халық санағы кезінде жасалған Жетісу облысының Лепсі уезі тұрғындарының қазақ тұрмысының бірегей көне фотосуреттері алғаш рет ұсынылды.

Фотосуреттердің авторы – Константин де Лазари. Осы 36 суретті мұражайға Қазақстан Республикасындағы Польша елшісі Яцек Ключковски табыстады.

2013 жылы Монте-Карлода Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Монако князьдігіне ресми сапары аясында «Монако-Қазақстан» бизнес-форумы болды. Шара барысында Қазақстан мен Монако арасында Бірлескен іскерлік кеңес құру туралы келісімге, сондай-ақ көптеген басқа да құжаттарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, бизнес-форум аясында Қазақстан және Монако жайлы фильмдер қойылып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды.

2014 жылы Еуразия ұлттық университетінде. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ашылды.

Мұражайда көрнекті ағартушыларға тиесілі ерекше құжаттар мен заттар, сонымен қатар фотосуреттер, латын тіліндегі басылымдар және араб тіліндегі қолжазба кітаптар жинақталған.

Барлық экспонаттар музейге өтеусіз негізде сыйға тартылды. Олар орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейін Қазақстан жерінде ағартушылықтың қалыптасуы туралы баяндайды.

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Болашақ» стипендиясы бойынша АҚШ жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақстандық студенттер қарсы алды.

Олардың арасында Батырхан Шүкеновтің Америкада білім алып жатқан ұлы Мақсұт та болды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа әкесінің әндер жинағын сыйға тартты.

2017 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында фотосуретші, Қазақстанда ХХ ғасырда болған тарихи оқиғалардың куәгері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Иосиф Будневич туындыларының көрмесі ашылды.

2018 жылы Түркістан облысында Түлкібас ауданының 90 жылдығын тойлау аясында Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловқа қойылған жаңа ескерткіш ашылды.

2019 жылы қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Еуразиялық сыйлықтың лауреаты атанып, «Вокал» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

13 жасар әнші өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктер саласында Еуразиялық шығармашылық одақтың халықаралық марапатын алған алғашқы бала болды.

Еуразиялық сыйлықты 2013 жылы Қазақстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Ресей және Тәжікстан өкілдері құрған Еуразиялық шығармашылық одақ тағайындады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT