27 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 27 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірәшит Төлегенұлы ЖҮКЕНОВ дүниеге келді.

1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолы: ҚазКСР Жоғарғы сотында сот отырысының хатшысы, кеңесші, аға кеңесші (1985-1988); Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, төраға орынбасары (1988-1995); ҚР Жоғарғы соты пленумының судьясы, хатшы (1995-2001), ҚР Бас прокурорының орынбасары (2001-2005); ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы (2005-2010); ҚР Жоғарғы сотының судьясы (2010-2014); ҚР Экономикалық қылмыс және смыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (07-2014-10.2014). 2014-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілде айынан бастап.

60 жыл бұрын (1961) Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Жұмабайұлы НҰРЫШЕВ дүниеге келді.

1983 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1983-1987 жылдары – Гурьев қалалық халық сотының консультанты, 1987-1991 жылдары – Балықшы аудандық және Гурьев қалалық соттарының халық судьясы, 1991-1996 жылдары – Балықшы аудандық сотының төрағасы, 1996-2007 жылдары – Атырау облыстық сотының судьясы, сот алқасының төрағасы, 2007-2011 жылдары – Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттары алқаларының төрағасы, 2011-2014 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2014-2016 жылдары – Атырау облыстық сотының сот алқасының төрағасы, 2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, 2017 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облыстық сотының төрағасы.

59 жыл бұрын (1962) М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Юрий Александрович ЯКУШЕВ дүниеге келген.

Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Алматы театр және өнер институтын, Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын (2007) тәмамдаған. Еңбек жолы: М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік театр және өнер институтының актері болып жұмыс істеген, коммерциялық фирмалардың бірін басқарған (1993-1999). 1999 жылғы ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.

56 жыл бұрын (1965) Қазақстан блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Сапар Қайратұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «өндірістік және азаматтық құрылыс», «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2001 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «қаржы және несие», «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы тас қалаушысы, құрылыс учаскесінің шебері, «Петропавловсксельстрой» тресінде аға жұмыс өндірушісі ретінде бастады. 1993 жылдың қаңтар - 1996 жылдың қараша аралығында Ақмола қаласындағы «Ғимарат» өндірістік-сауда фирмасының коммерциялық директоры болып қызмет атқарды. 1997 жылдың қаңтар айынан Ақмола Арнайы Экономикалық Аймағы әкімшілік кеңесі Ғылыми-техникалық даму, аумақ құрылысы және байланыс бөлімінің 1 дәрежелі маманы болды. 1997 жылы мамырдан бастап «Ақмола-жылжымайтын мүлік» Капиталдық құрылыс басқармасының техникалық қадағалау инженері болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қаңтар айынан - жетекші маман, бас маман, экономикалық реформалар бөлімінің консультанты, Астана қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы әкімінің аппараты Экономикалық сараптау және сыртқы байланыс бөлмінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылы сәуірден – Астана қаласының Сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы. 2002 жылдың қарашасынан Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары. 2004 жылдың сәуірінен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі. 2007 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылдың сәуір айынан – 2012 жылдың ақпанына дейін Астана қаласы «Алматы ауданының әкімі. 2013-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2013 жылдың қазанында бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымдағы депутаты, Экономикалық реформа комитетінің мүшесі (2016-2021). Қазіргі қызметінде 2021 жылдың ақпан айынан бері.

«Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдарымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

34 жыл бұрын (1987) «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Қалтайұлы БАҚЫТБЕКОВ дүниеге келді.

Еңбек жолы: «Қазақстан студенттер альянсы» Қызылорда облыстық филиалының директоры, «Қазақстан КТК (квн) Одағы» атқарушы директоры, «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» администраторы, продюсеры.

«KazFootball» ақпараттық футбол порталының директоры; Қазақстан футбол федерациясының маркетинг және PR департаментінің директоры.

Атқаратын лауазымында – 2020 жылғы маусымнан бастап.




Соңғы жаңалықтар