27 қазан. Туған күн иелері.

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 27 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Әбдірәшит Төлегенұлы ЖҮКЕНОВ дүниеге келді.

1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универитетін бітірген.

Еңбек жолы: ҚазКСР Жоғарғы сотында сот отырысының хатшысы, кеңесші, аға кеңесші (1985-1988); Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, төраға орынбасары (1988-1995); ҚР Жоғарғы соты пленумының судьясы, хатшы (1995-2001), ҚР Бас прокурорының орынбасары (2001-2005); ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы (2005-2010); ҚР Жоғарғы сотының судьясы (2010-2014); ҚР Экономикалық қылмыс және смыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (07-2014-10.2014).

Қазіргі қызметінде – 2014 жылдың қараша айынан бастап.

58 жыл бұрын (1961) Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Жұмабайұлы НҰРЫШЕВ дүниеге келді.

1983 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 1983-1987 жылдары - Гурьев қалалық халық сотының консультанты, 1987-1991 жылдары - Балықшы аудандық және Гурьев қалалық соттарының халық судьясы, 1991-1996 жылдары - Балықшы аудандық сотының төрағасы, 1996-2007 жылдары - Атырау облыстық сотының судьясы, сот алқасының төрағасы, 2007-2011 жылдары - Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттары алқаларының төрағасы, 2011-2014 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2014-2016 жылдары - Атырау облыстық сотының сот алқасының төрағасы, 2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, 2017 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облыстық сотының төрағасы.

57 жыл бұрын (1962) Рудный қаласының әкімі Бақытжан Темірұлы ҒАЯЗОВ дүниеге келді.

РФ Челябі облысы Қарталы ауданы Роднички ауылында туған. 1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша бітірді, екінші жоғары білімін 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша алды. Кеңес Әскері қатарындағы қызметтен кейін әртүрлі жылдары Жітіқара қаласында «Қуатты» МАҚ президенті, Жітіқара қаласы «АС-ЕТ» ЖШС директоры, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2008 жылға дейін Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі болып қызмет етті. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарды. 2011 жылдың маусым айында Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды. «Құрмет» ордені, ҚР Конституциясына 10 жыл, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марпатталған.

57 жыл бұрын (1962) М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Юрий Александрович ЯКУШЕВ дүниеге келген.

Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Алматы театр және өнер институтын, Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын (2007) тәмамдаған.

Еңбек жолы: М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік театр және өнер институтының актері болып жұмыс істеген, коммерциялық фирмалардың бірін басқарған (1993-1999).

1999 жылғы ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.

54 жыл бұрын (1965) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымдағы депутаты, Экономикалық реформа комитетінің мүшесі, саясат ғылымдарының кандидаты Сапар Қайратұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «өндірістік және азаматтық құрылыс», «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2001 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «қаржы және несие», «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы тас қалаушысы, құрылыс учаскесінің шебері, «Петропавловсксельстрой» трестінде аға жұмыс өндірушісі ретінде бастады. 1993 жылдың қаңтар - 1996 жылдың қараша аралығында Ақмола қаласындағы «Ғимарат» өндірістік-сауда фирмасының коммерциялық директоры болып қызмет атқарды. 1997 жылдың қаңтар айынан Ақмола Арнайы Экономикалық Аймағы әкімшілік кеңесі Ғылыми-техникалық даму, аумақ құрылысы және байланыс бөлімінің 1 дәрежелі маманы болды.

1997 жылы мамырдан бастап «Ақмола-жылжымайтын мүлік» Капиталдық құрылыс басқармасының техникалық қадағалау инженері болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қаңтар айынан - жетекші маман, бас маман, экономикалық реформалар бөлімінің консультанты, Астана қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы әкімінің аппараты Экономикалық сараптау және сыртқы байланыс бөлмінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылы сәуірден - Астана қаласының Сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы. 2002 жылдың қарашасынан Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары. 2004 жылдың сәуірінен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі. 2007 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылдың сәуір айынан - 2012 жылдың ақпанына дейін Астана қаласы «Алматы ауданының әкімі. 2013-2016 жылдары - «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2013 жылдың қазанында бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурыз айынан бері. «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдарымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар