27 қазан күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 27 қазан күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Марриотт» қонақүйінде Астана мемлекеттік қызмет хабының «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» тақырыбында 8-ші жыл сайынғы конференциясы ашылады. Оған әлемнің 30 елінен мемлекеттік қызметтің уәкілетті органдарының басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

10.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында Денсаулық сақтау бойынша Astana Zdorovie 2021 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді.

11.00-де Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Халықаралық түркі академиясы және Назарбаев Университеті ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті мажар түркологы Армин Вамбериге арналған конференция мен көрменің ашылу рәсімін өткізеді.

11.00-де «ҚазМедиа» орталығында «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан «Шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығы» құрылады.

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК базасында HCTC «ENERGY» құзыреттілік орталығының ашылуы өтеді.

15.00- де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Шора Сарыбаев тағылымы» атты ғылыми-практикалық конференция мен «Шора Шамғалиұлы Сарыбаев атындағы оқу залының» ашылуы болады.

16.00-де Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігінде KOICA бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы COVID-19-бен күреске арналған қайтарымсыз көмекті табыс етеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «Rahat Palace Hotel» қонақүйінде «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің тіл саясаты» атты ІІ халықаралық конгресі басталады.

12.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінде алғашқы қазақстандық «Супер қаһармандар» спорттық-би экшн-шоуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.


Соңғы жаңалықтар