27 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі:

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 27 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Түрікменстан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991) Түрікменстан КСР-нің Жоғарғы кеңесі 1991 жылы 27 қазанда «Түрікменстанның тәуелсіздігі және мемлекеттік құрылысының негіздері туралы» заң қабылдады.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 5 қазанда орнады.

Дүниежүзілік аудиовизуалдық мұра күні

ЮНЕСКО Бас конференциясының 33-сессиясында осы ұйымға мүше-мемлекеттер 27 қазанды Дүниежүзілік аудиовизуалдық мұра күні деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл «экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың, білім берудің, ғылыми ілімнің және түрлі ұлттар мен қоғамдастықтардың мәдениеттері алуандығы ілгерілегенінің, сондай-ақ табиғат пен бүкіл жер-жаһанның дамығанының» дәлелі деп атап көрсетілді.

Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

2011 жылы бекітілген ең жас кәсіби мерекелердің бірі қазанның соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мерекелердің ресми тізіміне енгізілген. Әлеуметтік қорғау саласындағы жұмысшылардың қызметінің негізгі мазмұны - адамдарға қамқорлық жасау. Олардың міндеті – мұқтаж жандарға уақытылы көмек қолын созу. Әлеуметтік қызметкерлер тек өз міндеттерін орындап қана қоймай, адамдарға мейірімділік пен жақсы болашаққа үміт сыйлайды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1953 жылы Мойынты - Шу темір жолы іске қосылды. Жолдың Қазақстан халық шаруашылығы үшін маңызы зор болды. Қарағандының арзан көмірі елдің оңтүстік аймақтарына жеткізіле бастады. Әрі Орталық Азия республикаларымен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Құрылыс Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан КП Орталық Комитетінің шешімімен 1947 жылы басталған болатын.

1956 жылы Арқалық елді мекені жұмысшы ауыл мәртебесін алып, Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс нысанына айналды (ең алғашқы болып болашақ қаланың кірпішін Ригадан келген комсомол уәкілдері қалаған).

2005 жылы Елбасы Н.Назарбаев Татарстанның президенті Минтимер Шаймиевке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті. Кездесу барысында Минтимер Шаймиевтің бауырлас қазақ-татар халықтарының арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға, Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығын күшейтуге қосқан үлесін және көпұлтты Татарстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы айрықша рөлін ерекше атаған Елбасы Татарстан Президентінің кеудесіне Мемлекеттік сыйлықтың алқасын тақты. Өз кезегінде Қазақстан Президентіне шексіз алғысын білдірген Татарстан басшысы бейбітшілік болмаса, ешқандай даму туралы сөз де болмайтынын айтты. «Барлығы да бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізінде дамуға қол жеткізгісі келеді. Бірақ, ол әркімнің қолынан келе бермейді», - деген Минтимер Шаймиев аталған сыйлықты қиын-қыстау жылдарда да елде ұлтаралық келісімді, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтай білген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алудың өзі үлкен мәнге ие екенін атап көрсетті.

2010 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әлемдік педагогикалық ойлар антологиясының қазақ тіліндегі алты томын шығарды. Антология көне заманнан осы уақытқа дейін әлемдік танымал педагогикалық еңбектерді қамтиды.

2010 жылы Қазақстанның «Ұлттық аккредитация орталығы» ILAC MRA Зертханаларды аккредиттеу бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қол қойды.

2011 жылы танымал жазушы, драматург, публицист, қазақ ұлттық әдебиетінің негізін қалаушы тұлға Жүсіпбек Аймауытовқа (1889-1930) туған жері Баянауыл ауылында ескерткіш қойылды.

2015 жылы Мәскеуде «Қазақстан-Ресей» атты әдеби альманахтың алғашқы саны таныстырылды. Қос ел қаламгерлерінің достығы нәтижесінде дүниеге келген туынды Ресей астанасында көпке таныстырылып, жан-жақты талқыланды. Бұл Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, «Литературная газета», «Роман газета» басылымдары мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп қолға алған маңызды әрі бірегей жоба.

Әдеби альманах екі тілде жарық көрді, барлығы 48 автордың еңбегінен құралған. Олардың арасында Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұзафар Әлімбаев, Олжас Сүлейменов, Юрий Поляков, Евгений Рейн сынды қос елдің қабырғалы қаламгерлерімен қатар, орта буын өкілдері және жаңа жас есімдер де бар.

2017 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды .

2017 жылы қазақтың танымал «Дударай» әнінің авторы Мария Рекинаның жерленген жері Ақмола облысының киесі нысандар картасына енгізілген.

Аңыз – әңгіме : Қоныс аударып келген орыстың қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсен арасындағы махаббаты туралы аңыз сақталған. Дәстүр бойынша жастардың бақытына жол берілмеген. Марияны көрші ауылдағы адамдар құда түсіп, бірақ Мария бұндай тағдырға қарсылық білдіріп, далаға қашады, сол кездегі аңызда таңымал «Дудар-ай» әні шығады. Мария өзінің сүйген жігіті Дүйсенді осылай атаған. Дүйсеннің ата-аналарының жүрегі қатты қорқып. Жастарды үйлеріне қайтарып, үйлену тойын тойлаған болатын. Жастар қиыншылыққа шыдап, соңында махаббатары берік болды. Бірақ бақыттары ұзағынан болмады. Үйлену тойынан кейін Дүйсенді патшалық әскерге шақырады, бұл жерде өкпе ауыруына шалдығып, Дүйсен қайтыс болды. Бәлкім, қарсы келегендерді тағдыр жазалаған шығар. Жесір қалған әйелі сол кезде 18 жаста болды. Уақыт өте. Мәрия басқаға шығып төрт баланың анасы болады. Жолдасы жақсы адам болып, жүрегі ашық және Мәриямды өте жақсы көрген. Мәриям да, өз сүйспеншілігімен сыйласып, жүрегінің бір бөлшегінде Дүйсенді есінде сақтады. Мәриям апайымыздың ұзақ ғымыры- Қорғалжын ауданы Кенбидайық ауылында өтті. Мәриям Егорқызы Рекина 1899 жылы туған. Екінші дүниежүзік соғыс кезінде Мәриям апай өз өлеңдерін соғысқа аттанған жерлестеріне арнаған. Соғыстан кейін Мариямға «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері» деген атақ берді. «Дударай»- әні махаббат, жылулыққа және әртүрлі ұлт өкілдерінің достық рухына толы.

Соңғы жаңалықтар