USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

27 қараша. Туған күн иелері

2021 жылғы 27 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
27 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 27 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
17 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі 16 қаңтар. Туған күн иелері 16 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясының сот-құқықтық және инновациялық жобалар ғылыми зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі Жұмабек Дүйсешұлы БҰСЫРМАНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1976-1978 және 1983-1992 жылдары – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры. 1978-1983 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспиранты. 1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер кабинеті Аппараты саяси талдау бөлімінің кеңесшісі. 1994-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия хатшылығының хатшысы, меңгерушісі. 1998-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметін атқарған. 2002 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Заңнама институтының директоры. 2012-2017 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдан бері.

80-нен астам ғылыми еңбегі бар. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалдарымен марапатталған. 2009 жылғы «Ең үздік доцент» байқауының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісінің иегері.

58 жыл бұрын (1963) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Ахтанұлы НҰРБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист және менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1987-1990 жылдары Қазақ КСР-і ішкі істер органдарында қызмет еткен. 1990-1993 жылдары – Зырян қаласы райкоопзаготпромторгта дайындаушы; 1993-1997 жылдары – Зырян қаласы «Арлан» ШЖК директоры; 1997-1999 жылдары – Зырян қаласы «Найман» ЖШС директоры; 1999-2003 жылдары – Өскемен ұн зауытының директоры; 2003-2007 жылдары – Өскемен қаласы «АК-Нур Холдинг» ЖШС директоры; 2007-2019 жылдары – Өскемен қаласы «ВостокАгроХолдинг» ЖШС директоры. 2019-2020 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

2020 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.

58 жыл бұрын (1963) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Амандық Тұрсынұлы МОЛДАШЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1982 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2004 жылы М. Қозыбаев Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бөлімінің аға инспектор лауазымынан бастап, аға экономист, аға тексеруші-инспектор, мемлекеттік кірістер бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды. 1990 жылдан 2000 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының бөлім бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап 2015 жылғы қаңтар айына дейін Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің басқарма бастығы, Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында еңбек атқарды. 2015 жылдан 2017 жылғы тамыз айына дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Қаржыны басқарудың мемлекеттік аудит бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Бағалау және сапа бақылауы бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарған. 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап 2018 жылғы қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.

47 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ дүниеге келді.

Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару академиясын бітірген. Инженер-металлург, халақаралық қатынастар магистрі. Дипломаттық дәрежесі – Бірінші сыныпты кеңесші.

Мемлекеттік емес секторда әр түрлі лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2015-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы.

Үш мерейтойлық медальмен марапатталған.

Қазіргі лауазымында 2021 жылғы шілде айынан бастап қызмет етуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT