27 қараша. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 27 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясының сот-құқықтық және инновациялық жобалар ғылыми зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі Жұмабек Дүйсешұлы БҰСЫРМАНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1976-1978 және 1983-1992 жылдары - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры. 1978-1983 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспиранты. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер кабинеті Аппараты саяси талдау бөлімінің кеңесшісі. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия хатшылығының хатшысы, меңгерушісі. 1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Заңнама институтының директоры. 2012-2017 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 2017 жылдан бері. 80-нен астам ғылыми еңбегі бар. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалдарымен марапатталған. 2009 жылғы «Ең үздік доцент» байқауының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісінің иегері.

59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - Евгений Александрович КОЗЛОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. 1978 жылы №8 қалалық кәсіптік-техникалық училищесін бітіріп, «4 разрядті жиһаз жасаушы - ағаш ұстасы» мамандығын алды.

Өскемен қаласындағы жиһаз фабрикасында ағаш ұстасы болып еңбек жолын бастады. 1979 жылы Кенес Одағының әскері қатарына шақырылды. 1981-1983 жылдары Ташкент қаласындағы КСРО ІІМ-не қарасты милиция мектебінде курсант. 1983 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер органдарында қызмет етті. 1991 жылы КСРО ІІМ Қарағанды қаласындағы жоғарғы мектебін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. 1989 жылға дейін жедел оперативтік қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс істеді, ал 1989 жылғы қазан айынан бастап Өскемендегі Үлбі ауданының АІІБ тергеушісі. 1991 жылдан АІІБ аға тергеушісі. 1992-1994 жылдары Өскемен қалалық ішкі істер бөлімінде аға-тергеуші. 1994 жылдан Өскемен қаласындағы Октябрь аудандық сотының әкімшілік және іс орындаушының сот қызметкері. 1995 жылдан осы аудандық сотта халық соты. 1996-1998 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстын сотының судьясы. 1998-2008 жылдары Өскемен қаласының қалалық сотында судья. 2008-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотынын судьясы. 2016 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

45 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы Мәди Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ дүниеге келді.

Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару академиясын бітірген. Инженер-металлург, халақаралық қатынастар магистрі. Дипломаттық дәрежесі - Бірінші сыныпты кеңесші. Мемлекеттік емес секторда әр түрлі лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. Үш мерейтойлық медальмен марапатталған. Қазіргі лауазымында 2015 жылғы қазан айынан бастап қызмет етуде.

Соңғы жаңалықтар