27 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі ертең елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. Шара www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов. Көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19 вакцинациясына дайындық туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков. Көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.45-те ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары болып сайланған кәсіподақ өкілдерімен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар