27 қаңтар. Ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әлі де әсер етеді, осыған байланысты осы өңірлердің кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, батыста бұрқасын, солтүстікте, елдің орталығында көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде – тұман, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы (Жалаңашкөл ауданы), Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.


Соңғы жаңалықтар