+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

27 ақпан. Туған күн иелері

2021 жылғы 27 ақпан 08:10
Бөлісіңіз:
27 ақпан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 27 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
16 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі 15 сәуір. Туған күн иелері 14 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1947) медицина ғылымдарының докторы, академик, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, Орталық Азия пульманологтары қауымдастығының, Еуразиялық респираторлар қоғамының президенті, Еуропалық Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы комитеті төралқасының мүшесі Абай Қабатайұлы БАЙГЕНЖИН дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін денсаулық сақтау саласында әртүрлі қызметтерде болды. 1978-1983 жылдары - Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, 1983-1988 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 4-бас басқармасының «Алатау» шипажайының бас дәрігері. 1988-1993 жылдары - Алматы аймақтық диагностикалық орталығының директоры. 1993-1997 жылдары - Мемлекеттік аэроғарыш компаниясының вице-президенті. 1997-1998 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Медициналық сақтандыру қоры бас директорының орынбасары. 2000 жылдың мамыр айынан бастап 2010 жылдың тамыз айына дейін «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» РМК бас директоры. 2010 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі кезге дейін «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқармасының төрағасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі. «Парасат» орденінің, британдық Виктория патшайым орденінің иегері, Роберт Кох медалімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1962) Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Леонидовна БАХМУТОВА дүниеге келген.

1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, экономист. 1983-1984 жылдары - Алматы ауыл құрылыс №7 тресінің ОАКК аға инженері; 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтының экономисі; 1989-1991 жылдары – Қазақ КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі; 1991-1992 жылдары - «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі; 1992-1998 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің жетекші, бас экономисі, бөлім бастығы, әлеуметтік сала департаменті бастығының орынбасары, директордың орынбасары; 1998-2001 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры; 2001-2002 жылдары - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; 2002-2004 жылдары – ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қадағалау департаментінің директоры; 2004-2008 жылдары – ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары; 2008-2011 жылдары – ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы; 2012-2016 жылдары - «Самұрык-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары; 2016 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін - «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы және операциалар жөніндегі атқарушы директоры; 2016 жылдың қарашасынан - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы болған. «Құрмет» орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен; «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен; Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1966) ҚР Парламенті Мәжілісінің VIІ шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Сергейұлы МУСИН дүниеге келген.

Қазіргі Астана қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі. 1984-1986 жылдары Целиноград (қазіргі Астана ) қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы. 1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты. 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары. 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы. 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VIІ шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Қазіргі лауазымын 2021 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

53 жыл бұрын (1968) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Денис Алексеевич ШИПП дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген. Петропавл қалалық сотының судьясы болды. Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы (2006 жылдан), Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы (2011 жылдан). Қазіргі қызметінде 2015 жылдан бері.

49 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы БҮРКІТБАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында дүниеге келген. 1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін (емдеу ісі), 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (фармация), 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін, 2020 жылы «Тұран-Астана» Университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының докторанты.

Еңбек жолы: Алматы қаласындағы шұғыл медициналық көмектің қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері (1996-1998); Алматы қаласындағы республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері (1998-1999); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Білім және ғылым басқармасының бас маманы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің дәрі-дәрмек саясаты, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2000-2001); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы (2001-2002); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және дәрі-дәрмек саясаты басқармасының бастығы (2002-2004); «Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі (2005-2007); ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008); Астана қаласының «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК басшысы (2008-2011); ҚР Денсаулық ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ (2011-2019); ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы (2019-2021).

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан.

«Шапағат» (2014), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдармен; «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2003), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2012) төс белгілерімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT