+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

27 ақпан. Туған күн иелері

2020 жылғы 27 ақпан 08:08
Бөлісіңіз:
27 ақпан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 27 ақпанда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1947) медицина ғылымдарының докторы, академик, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, Орталық Азия пульманологтары қауымдастығының, Еуразиялық респираторлар қоғамының президенті, Еуропалық Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы комитеті төралқасының мүшесі Абай Қабатайұлы БАЙГЕНЖИН дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін денсаулық сақтау саласында әртүрлі қызметтерде болды.

1978-1983 жылдары - Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, 1983-1988 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 4-бас басқармасының «Алатау» шипажайының бас дәрігері. 1988-1993 жылдары - Алматы аймақтық диагностикалық орталығының директоры. 1993-1997 жылдары - Мемлекеттік аэроғарыш компаниясының вице-президенті. 1997-1998 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Медициналық сақтандыру қоры бас директорының орынбасары.

2000 жылдың мамыр айынан бастап 2010 жылдың тамыз айына дейін «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» РМК бас директоры.

2010 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі кезге дейін «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқармасының төрағасы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі. «Парасат» орденінің, британдық Виктория патшайым орденінің иегері, Роберт Кох медалімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1962) Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Леонидовна БАХМУТОВА дүниеге келген.

1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, экономист. 1983-1984 жылдары - Алматы ауыл құрылыс №7 тресінің ОАКК аға инженері; 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтының экономисі; 1989-1991 жылдары – Қазақ КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі; 1991-1992 жылдары - «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі; 1992-1998 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің жетекші, бас экономисі, бөлім бастығы, әлеуметтік сала департаменті бастығының орынбасары, директордың орынбасары; 1998-2001 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры; 2001-2002 жылдары - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; 2002-2004 жылдары – ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қадағалау департаментінің директоры; 2004-2008 жылдары – ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары; 2008-2011 жылдары – ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы; 2012-2016 жылдары - «Самұрык-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары; 2016 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін - «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы және операциалар жөніндегі атқарушы директоры; 2016 жылдың қарашасынан - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы болған.

«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен; «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен; Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

54 жыл бұрын (1966) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Сергейұлы МУСИН дүниеге келген.

Қазіргі Астана қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі. 1984-1986 жылдары Целиноград (қазіргі Астана ) қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы. 1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты. 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары. 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

52 жыл бұрын (1968) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Денис Алексеевич ШИПП дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген. Петропавл қалалық сотының судьясы болды. Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы (2006 жылдан), Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы (2011 жылдан). Қазіргі қызметінде 2015 жылдан бері.

37 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Талғатұлы НАДЫРОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетін, ал 2009 жылы «Экономист» мамандығы бойынша «Туран» университетін, 2014 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебін бітірді. Қазіргі уақытта «Бизнес әкімшілендіру» (Executive MBA) мамандығы бойынша Executive MBA «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да оқиды.

Әртүрлі жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» (Түркия) клиникалар тобы, «Oxford «Social Health Insurance system» (Германия) оқудан өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Бірқатар баспа жұмыстарының авторы және қоса авторы болып табылады.

Еңбек жолын академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында – клиника ординаторы болып бастады, одан кейін ұйымдастыру-әдістемелік бөлімді басқарды, Бас директордың әкімшілік-экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары болды.

2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде – Стратегиялық даму және Медициналық қызметтерді стандарттау департаменттерде басшылық лауазымдарында қызмет атқарды «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі топ жұмыс тобының мүшесі болды.

2016 жылдан бастап 2017 жыл аралығында «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның Республикалық диагностикалық орталығын басқарды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 27 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT