27 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 27 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын оқырман назарына ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Елордада көлік кешенінің дамуы: кеше, бүгін, ертең» көрме-конференциясы өтеді.

9.30-да Волонтерлердің «Біргеміз» республикалық фронт-кеңсесінде Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған мерекелік шаралар өтеді.

10:00-де ҚР Парламенті Сенатында Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы басталады.

10.00-де Назарбаев Университеті аумағындағы пирамидалық ғимаратта «Қазақстандағы көмірмен жылыту: Мәселелер. Шешімдер. Даму болашағы» атты конференция өтеді.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылады.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «QazaqTrade қазақстандық экспортты қолдау мүмкіндіктері» тақырыбына арналған брифинг өтеді.

14.30-да Қазақ мемлекеттік заң университетінің ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кәсіпкерлердің IV республикалық форумы өтеді.

19.00-де «Рэдиссон» қонақүйінде Жапон императорының туған күніне арналған дипломатиялық қабылдау болады.

АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстанның шығармашыл жастарының байқауы – «Достар дауысына» 20 жыл» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де KASE Talks алаңында «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова сөз сөйлейді.


Соңғы жаңалықтар