27 ақпан. Күн райына жасалған болжам

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 27 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды антициклон Қазақстанның барлық аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Тек еліміздің батысында Оңтүстік циклон шұңқырының ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ күтілді. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, ҚР-ның батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің күшейюі күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында және орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда – тұман, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар