27-29 қазан күндері Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-29 қазан күндері Астанада қазақ күресінен өтетін әлем  біріншілігіне 70-ке жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Олимпиада ойындары, әлем және Еуропа чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері  бар. 

Атап айтсақ, қазақ күресінен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Самбодан әлем кубогының бірнеше мәрте жеңімпазы, Ресей құрамасының капитаны - Максим Шираев, самбодан Еуроодақ елдері чемпионатының жүлдегері, молдовалық - Евгений Шершнев,  дзюдодан 18 жасқа дейінгі балуандар арасындағы  Еуропа кубогының иегері (2013ж), украиналық - Артем Плиев және Украина чемпионатының  2 орын иегері (2015 ж.) Дмитрий Бородин бар. Армения елінен Кадеттер арасындағы Еуропа чемпионатының жүлдегерлері - Бадалян Погос, Хитарьян Геворг, Налбандян Давид қатысады.

Сонымен қатар, дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы, грекиялық Нтанацидис Алексиос, жасөспірімдер арасында әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегерлері Масманидис Тенторе,  Цоумитас Димитриос, дзюдодан Еуропа чемпионатының жеңімпазы, грузиялық Гурам Тушишвили мен қазақ күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы Леван Матиашвили келеді деп күтілуде.  

Ал, еліміздің намысын жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасында екі дүркін Азия чемпионы Әділжан Ыстыбаев,  «Еуразия барысы»  Марат Нигматуллаев бастаған спортшылар қорғайды.

Еске салайық, чемпионат 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәрежеде өтеді.  

Соңғы жаңалықтар