+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді

2020 жылғы 26 маусым 13:20
Бөлісіңіз:
27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кентауда карантин талаптарын сақтамаған 19 нысан анықталды Батыс Қазақстанда ірі азық-түлік дүкені жанып кетті Қазақстандықтарға шілдеде азық-түлік пен өзге де қажеттіліктер үшін 5,4 млрд теңге аударылды

27-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталықтары, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді.

«Өткен «карантиндік демалыс» сырқаттану деңгейін төмендетудің оң динамикасын көрсетті. Осы демалыс күндері – 27 және 28 маусымда біз «үйдегі демалыс» күнін енгіземіз. Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруды, медициналық қызмет алуды немесе рұқсат етілген жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Базарлар да жабылады. Азаматтар сенбіге дейін қажетті өнімдерін сатып алуы керек. Үй маңындағы азық-түлік дүкендерінде қажеттінің бәрі бар», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар 27-28 маусымда дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған нысандар қатаң санитариялық нормаларын сақтауы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT