265 жамбылдық жасөспірім полиция жеткізілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында полицияға 265 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы аумағында қыркүйек айының 13 мен 19 күндер аралығында «Жасөспірім» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалыс іс-шараға 591 қызметкерлер жұмылды, оның ішінде 475 полицей, 67 білім басқарма қызметкерлері, 23 жергілікті әкімшіліктен және денсаулық сақтау басқармасынан 16.

«Профилактикалық іс-шара барысында ІІО-на 265 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде жасөспірімдерді қолдау орталығына – 21 бала орналастырылды. 22 жасөспірім және 14 жайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды», – деді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберди Ашкеев.


Соңғы жаңалықтар