+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

260 келі бекіре балығын аулаған браконьерлер ұсталды

2019 жылғы 6 қыркүйек 14:55
Бөлісіңіз:
260 келі бекіре балығын аулаған браконьерлер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды. Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында заңсыз ауланған 4 центнер балық тәркіленді Қарағандыда көлігінің жүксалғышына екі еліктің етін тиеп алған браконьер ұсталды Түркістан облысында үш күнде браконьерлікке қатысты 43 жайт анықталды

Оның атап өтуінше, 2019 жылғы 5 қыркүйек күні Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің Солтүстік бөлігіне шолғындау шарасын жүргізген. Шамамен сағат 12-30-да инспекция қызметкерлері 200 аттың күші бар аспалы «Ямаха» моторлы «Байда» қайығын мінген Атырау қаласының 2 тұрғынын қолға түсірген.

«Жүзу құралын тексеру барысында жалпы салмағы 264 келі болатын бекіре тұқымдас 92 балық, жалпы салмағы 34 келі болатын 39 дана бекіре тұқымдас балықтың басы, салмағы 22 келі тартатын 2 сазан, сонымен қатар ұзындығы шамамен 300 метр болатын ау мен «Гармин» спутниктік навигациясы құралы табылып, тәркіленді. Тәркіленген балық Жайық-Атырау бекіре балығы шаруашылығы зауытына тапсырылып, ал «Байда» қайығы Атырау қалалық полиция басқармасын уақытша сақтауға жеткізілді. Аталған факті бойынша оқиға орнынан Атырау қалалық ПБ жедел тергеу тобы шақырылды. Жиналған материал ҚР ҚК 335 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деді С.Ділдахмет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT